Күн бата жұмыстан қайтар уақыт. Жол жөнекей серіктерімен сұқбат құрып келесі көшеден үйіне қарай бет бұрған Асан үй ауласының жанындағы ысыту құбырының үстінде жатқан қос итке көзі түсті. Іштей таңданып қойды, қытымыр аязда, қақаған қыста бірін бірі пана етіп, ұзаққа созылған қыстан жандарын аман алып қалу үшін біргелікте өмір сүрген жұп деп.
***
Адам ұйқыға тойған ба? Ұйқысы шала қанса да Асан лажсыз орнынан тұрып, күндегі әдетінше жұмысқа аттанды. Үй ауласынан шыға бере кешегі иттер жатқан тұсқа көзі түсті. Күні кеше аяздан үлкен қара төбеттің қойнына тығылған кішілеу ақ ит құбыр үстінде жатқан итті тістеліп жатыр. Не болғанын түсінбеген Асанның ойынан ит иттігін қылады екен ғой деген ой өтті.
Ойлап үлгергенше болған жоқ құлағы тістелген күйі қара төбет жерге гүрс ете құлады, бірақ қозғалмады. Асан енді түсінді, ит түнде ақ жан тапсырған екен. Ақ ит әлі де оны тістелеп оятау мақсатында секілді.
***
Күні бойы жұмыста Асанның ойы қос итте болды, не болды екен? Жұмыстан қайтар жолда серіктеріне де қарамастан үй ауласына қарай жүгірді. Жүгіріп келе жатып байқағаны, күні бойы оның қайта тұруынан үмітін үзбен әлгі ақ ит анық серігінің өлгеніне сенді ме жанары жасқа тола белгісіз бағытқа жүгірі барады екен... .
П.С: осы оқиғадан соң Асан көпке дейін ойынан арыла алмады. Ол қазіргі таңда адамдардан көре алмаған мейірімді сол иттен байқаған еді. Заманның тыныштығында бір туған бауырлардың мейірмісіздігіне куә Асанды бір сұрақ мазалады: Біз бүгінде көше итінің деңгейінен де төмендеп кеткенбіз бе, біз кім болып барамыз адамдар?