Мен үшін орны ерекше тұлғалар

Мен үшін орны ерекше тұлғалар
жеке
блог

Ең алғаш мектеп табылдырығын аттаған кезімнен бастап білімнің терең нәрімен сусындатып, менің бүгінгі өмірімнің жарқын болғаны аяулы ұстаздарымның арқасы. Осыдан екі жыл бұрын алтын ұя мектебіммен, парасатты ұстаздарыммен қоштасып, үлкен өмірге қадам бастым. Мен үшін білімін аямай, жақсы шәкірт етіп тәрбиелеген,  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы  Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің ұстаздар қауымына айтар  алғысым шексіз.

Әліппенің сиқырлы әріптерімен таныстырып, қолға қалам ұстауды үйреткен ең алғашқы ұстазым - Үмбетбекова Сәуле апайымның орны мен үшін қашанда ерекше.  Еркелігімді кешіріп, ойын баласын ойлы бала еткен ұстазымның ұлағатты сөздері санамда әлі күнге дейін жаңғырып тұр. Сәуле апайымның арқасында белсенділікті, біліктілікті үйрендім. Ал  5-сыныптан бастап, «Тарих» пәнінің түпкі сырын ұғындырып, жақсы мен жаманның ара-жігін ажыратуды үйреткен сынып жетекшім - Байыспаева Айсұлу апайымның маған айтқан тағылымдары өміріме мың жылдық азық. 11 жыл маған білім беріп, әр пәнді жете түсініп, толық меңгеруіме бағыт-бағдар берген – Бөлекова Нұрзия, Мұқанова Рахила, Нұрманбетова Баян, Байыспаева Әлпеш, Бөлеков Шамит, Көдекова Күлсімхан, Нұрақова Баян, Қағазбекова Халида, Садыбеков Руслан, Көдеков Ерлан, Қаужанова Гүлжан, Құлбаева Жадыра, Әмірақынова Гүлбану, Исабекова Шолпан, Торгеев Айдос, Жазықбекова Айгерім, Жанаманов Игібай, Ибраимова Гүлмира сынды ұстаздарыма басымды иіп, мың алғысымды білдіремін. 

Бауыржан Момышұлы айтпақшы: «Ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді». Ұстаз – қасиетті тұлға, бала жанының бағбаны, мектептің жүрегі, ол жайлы айтылар сыр да, жыр да көп.  Мереклеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар!