Мен үшін махаббат деген не? ...

Мен үшін махаббат деген не? ...
жеке
блог

Мен үшін махаббат деген не? ... Оның мағынасын мен толық түсіне алдым ба? ...

       Бала күнімнен ата - анаға деген махаббат мені тастаған емес. Отанға деген сезім менде, тіпті, ерте оянған. Махаббат туралы жазғым келеді. Алайда, 19 жасар студент қыз оны қайдан білсін. Мен ғашық болып көрдім. Біреу мені ұнатты. Дегенмен, сезім, махаббат дегенде көп жастар көше жағалап, сезімге масаю деп ұғады. Мен кітаптағы махаббатты, кинодағы махаббатты жақсы білемін. Өмірде мүлдем басқа екен. Қазір бір жігітпен танысқын келсе өтірік кітаптарды жерге құлатып ала алмайсың. Жаныңнан өте беретініне сенімді боласың. Мен қол ұстасып жүргім келмейді. Соңы бос сөзге, ұрысқа ұласып кете ме деймін. Бұрын қызды құшақтады десе екі жас міндетті түрде отау құруға міндетті болатын. Қазір аруларымыздын санасына бұл қонымсыз дүние. Ерлер де қыз намысы тапталмасын деп жар ететін. Шаштың өзі ұятты жерге саналатын. Мен де өзімді "керемет" санай алмаймын. Махаббат десе, көпке топырақ шашпайын, алайда көпшілік осылай ұғады. 
       Мен білетін махаббат таза. Мен сол махаббатымды ластамай, қолымды ұстап жүруге мәңгі дайын адаммен ғана ғұмыр кешкім келеді. Байлық, мансап, биліктен гөрі үлкен, шексіз, Алланың алдында таза махаббатым болса болғаны. Сонда ғұмыр бойы жүзімді өз жарымнан өзге еркек атаулыға көрсетпей өтер едім. 
       Мендегі әлі бұл бала махаббат шығар, дегенмен, егер бала махаббат әлемдегі ең таза махаббат болса сол бала - шексіз ғұмырым ұзақ бола берсін!