Мен ұнатқан шумақтар

Фариза Оңғарсынова
1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш
ауылында дүниеге келген. 1967 жылы"Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр
кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны
білмейтін оқырман кемде-кем. Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір
сүреді.Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған
кезінде,кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері,
мұңдасы,берер дәрі-дауасы - поэзия.

Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды
сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне
лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры.

Өзім туралы Қыз болып ойнамадым қуыршақпен,

ерке еді мінезім де қыңырсоқтау/*'-

Тайқитын дөкей деген балалар да:



"Бұл шатақ шығарады, ұрынсақ",
- деп.



Қыздардай білмедім мен қылымсуды,



доп қудым балаларша трусимен.



"Осыным өзгелерден бөлектеу",
- деп,



сонда да аяулы ана қызын сүйген

Сондағы бала мінез, қайсар қылық

көрмеген мені ешкімнен
тайсалдырып.



...Болдым да саған ғашық ойда жоқта,



менде бір пайда болды байсалдылық.



1958



 



 



Ұнатып ем...



 



Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,



сүюдің қиындығын кім біліпті.



Көз қырын тастамай ол өте берді,



жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.



Әдейі оны қүнде жанап өтем,



ойпыр-ай,ғашық болған жаман екен,



көңілдің жайлауында сайран салып,



жаныңды талай күйге салады екен.



Сол жігіт, білсең атын, Өлең
деген,



жымияр: "Саған оңай көнем бе
мен?!" -



Ерте-кеш болса да бір естір ме
екем



бір сөзін"Сені жақсы көрем!" деген...



 



 



Қыз сыры



 



Жігіттердің жүрегін



ұрлай бергім келмейді.



Сүйдім деген тілегін



тыңдай бергім келмейді.



Кез келгенін ғашық қып,



әлек еткім келмейді.



Аз күндік жай машық қып



және де өткім келмейді.



Алғашқы арман-тілекті



шетке ысырғым келмейді.



Бірді сүйген жүректі



көпке ұсынғым келмейді.



1959



 



 



 



Кейбір ісім дұрыс та емес шығар



 



Кейбір ісім дұрыс та емес шығар,



қылығым да көрінер егесқұмар.



Қайткенде де қанымда жоқ нәрсені



істеймін деп жайым жоқ кеңес құрар.



Сырығындай сыңарсыз көктеректің



қақиюмен көп жанды өкпелеттім.



Жаман көрсем - жасырмай, пайдам үшін



жоғымды бар, барымды жоқ
демеппін.



Өкпелеткен шығармын жақсыны да,



мүмкін содан шықпадым бақ шыңына.



Жақсы болып көріну - мақсат емес,



ар аттамау - мен үшін басты мұра.



Жүргеніммен тайсалмай, асқақ ірең,



өмірде тек арымнан жасқанып ем.



Талпынбадым тақтарға, тыңдамадым



жүрегімнің үнінен басқаны мен.



Көзімді арбап алдағы арман-ағын,



тастарына соғылдым жар-жағаның.



Жүрек кейде жаңсақтау басқан шығар,



жүрегімді мен бірақ алдамадым.



Ішек-сілемді қатырып күле білдім,



қорсылдамай, жыласам, шын
егілдім.



Қылмысым да бар шығар, ақпын бірақ



мен алдында арым мен жүрегімнің.



1984



 



 



Мен бір қызық адаммын



 



Мен бір қызық адаммын:



қатал тағдыр сілкілеп мың сынаған,



құлап-тұрып, сонда да тыншымаған.



Жұртқа деген ызадан булыққанда,



сені орынсыз азаптап ұрсып алам.



Сен асқақсың - білемін.



Маған ғана иіліп кішіресің



(иілу де бұл күнде кісіге сын).



Қуаныштың мен үшін не екенін



бұл жалғанда сен ғана түсінесің.



Жыр жазбасам, жабығам,



онысыз маған дүние жел өтіндей,



жұрт ұқпайды - жүрем мен неге күлмей.



Ал сен болсаң, қайрайсың, құлшынтасың,



содан саған бір пайда келетіндей.



Жандар көп қой



жанашырсып жүретін көтермелеп...



жанымдасың, болғанмен мекен бөлек.



О, мен кейде қорқамын көп ішінде



жалғыздықтан жарылып кетем бе
деп...



Мен өзгенің көзіне



асқақтаған адуын, мұңсыздаймын,



ұқпайды олар - көзімде тұнсын қайғым.



Жыласам да, күлсем де мен, әйтеуір,



сенің ғана алдыңда қымсынбаймын.



Сен жақынсың жаныма,



мейлің тіпті менімен күн-түн
егес,



өзгелермен күлгенім - күлкі де
емес.



Дос көп болсын деседі-ау. Сендей
достың



көп болуы адамда мүмкін емес...



1971



 


 

Өлеңдер www.kazakhadebieti.kz
сайтынан алынды.



 



Бөлісу: