Мен ұнатқан немесе мені ұнатқан махаббат жайында

Мен ұнатқан немесе мені ұнатқан махаббат жайында
жеке
блог

         Сәл қолым қалт етсе, КТК телеарнасының "Жүрек жарлы"бағдарламасы мен Астана телеарнасынан өз көрермендерінің көңілін табатын "Сырласу" сынды бағдарламалардың сандық қойылымын көруге жаным құмартатыны бар.

        Бүгін сәтін салып" Сырласуға" келген Сәкен Майғазиевпен өткен сұқпатты тамашаладым. Сұқпаттың арасында - "Жөні түзу жігіт я болмаса жөні түзу қыз жоқ"- деп айтатын сөзге: Сәкеннің "Ер адам - өз Қызжібегін іздеу үшін, өзі Төлеген болу керек қой"- деп әдемі айтты.

       Енді менің Жібегімнің болмысын көрейік. Мен кездескен қыздардың бәрі қызыңнын қандай болғанын қалайсың дейтіні бар. Менің бәріне бірден айтарым. Бұл әлемде менің анам әдемі, сондықтан мен сені сұлуым, саған тең келер қыз жоқ деп құлағыңа гүл өсірмеймін. Анамды силайсың, әкемді силайсың бір сөзбен айтқанда, қыз бала бұл өмірге қонақ, сен маған жар болғанға дейін бір үйде қонақ болдың енді менің үйіме яғни өз үйіңе келдің. Менің әке - шешм, сенің әке шешең деген әнгімені айтпайсың. Менің әке шешемді өзіңнің ата анаңнан кем қоятын болсаң кешір, менің басты қағидам осы деймін. Өкінесің әрине бұндай қыздар басында өзінің образын ауыстырып актрисалық қасиеттерін көрсете бастайды. Бірақ маған байқалып көңілге қаяу салатыны бар.

       Одан кейін менің жүрегім нәзік ау шамасы? Себебі өзіме ұнаған қыз болса оны зерттей бастймын, жігіті бар ма, кешіктім деп одан бас тартам. Себебі : ол қазыр бақытты шығар, менің қолымнан жүрегін жаулап алу келеді, бірақ қазырғы кезіндегідей бақытты қыла аламын ба? Ол жігітте мен секілді адам, ода да жүрек бар, олар бір бірін шын сүйетін шығар?

       Мені алдайтындары да бар. Мен сені құшақтағым келеді, жаным, сағындым, деген сөздер ол менің ең жек көретін сөзім. Себеп: ол менімен құшақтасыпты ма? мені неліктен сағынады? мен оны не үшін сағындырдым?

      Сөз басында менімен кездесетін қыздар деп қалдым ғой? 25 жасымда талай қыздармен кездесіппін. Ой Алла солардың бірі де ұнамапты. Жасыратыны жоқ мен ұнатқан қыздар болды, бірақ олар мені ұнатпады. Бәлкім ол қыздың тәбетіндегідей тәтті не болмаса ашты емес шығармын? Жүзім суық екенін жасырмаймын, бірақ өлең жазам ))).  Қысқасы жас келген сайын талғампаз болады екенсің. Бәлкім менікі дұрыс, бәлкім бұрыс. Мен үшін алар әйелді қыз кезінде тәрбиеле. Өзіңе бейімде, ол да сен секілді біреудің суйкімді қызы, тәттісі, еркесі. Қарға да баласын аппағым дейді. Өмірлік жар, сенің жақын досың, сенің сырласың. Сенің қосағың, сенің бақытың, сенің нәсібің. Мен іздеген Жібек бар, жүзі де жүрегі де мен сиға тартқан жүзігі де бар, бірақ қайда? табылар бәлкім табылар.