Мені ұмыт,сұлуым...
еМін таппай дертімнің миым қатты,
сЕндік ойлар күдікті, жиылмапты.
үНімдегі үзілген кей үмітім,
бІлемісің, жаныма қиын батты.
қҰштарлықты баса алмай саған деген,
үМіт пайда болады санамда әрең.
қЫлықтым-ау, сен маған сыйлап кеткен,
оТ сезімді жеткізсін бағамды өлең.
еСтелігі өткеннің-ескі мұңым,
қҰлып қойып, көңілдің кестің үнін.
аЛауланған сол сезім әсер етіп,
тУлап жүрек алмайды еш тынымын.
сЫрқаттанды махаббат, амал нешік?
еМін таба алмайды ешкім мұның.
(екінші әріптермен)