Мен тыңдайтын әндер
блог
Ботик тағы да подхалимничать етип эстафетаны маган ұсынған екен, жазайын.
Қазір менің жеке талғамым жоқ. Радиодан не берсе соны тыңдайтын бокеттім. Себебі көлігімнің мафоны тек лицензионный дискілерді ғана қабылдайды.Меломаннан ән таңдап жүретін адам мен емеспін. Дегенмен майл.ру-дағы "әлемімде" жиналып қалған әндерден келтірейін. Бірақ сендер «фуу сондай черезчур старомодныйсың ғо» деп сөкпеңіздер. Себебі мен шынымен сондаймын.
Біздегі әнші топтардың арасынан Қоңыр тобы мен Мұзарт тобы мен үшін бір-бір төбе. Қоңырдан «Қарагөз қалқа», «Дүние», «Үгәй арман» т,б. Ал Мұзарт-тың бәрін тыңдай бересің ғой, жалықпай. Жұбаныш Жексенұлының «Жаным апа»-сы күшті. Мұқағалидің сөзіне жазылған «Аягөз ару» әнін жынды жақсы көремін, қазір көбіне Ерлан Рысқали айтып жүр. Нұрлан Өнербаевтың «Таңғы тілегі», Хасанғалиевтың «Бозторғайым» әні, Рамазан айтып жүрген "Қапездің әні" адамдың көңіліне елжіретеді.
Қазақстандық саясатқа араласып кеткені болмаса, Стингтың дарыны бір бөлек әңгіме ғой. «Shape Of My Heart», «Desert Rose», «A Thousand Years».
Бір кездері Элтон Джонстың көгілдір екенін естіп, әндерін тыңдамай кетіп едім. Қазір енді «дегенмен еңбек қой» деп «Sacrifice» сияқты бір екі әнін избранный папкіме енгізіп қойдым.
Сосын Энрики жарықтық Иглесиес-тың орны бөлек. «Somebodys Me», «Wish I Was Your Lover». Қысқасы көп әндері керемет. Әсіресе, испанша айтқандары.
Өткен ғасырдың хиттарына жататын рок музыкант Брайн Адамсты бір ай үзбей тыңдап, жалыққан жоқпын. Жалықпайтын да сияқтымын. «Here I am», «Cloud Number Nine», «Think About You» - қысқасы, жақсы әндері көп.
Түрік сериалдарын қарамайм, бірақ әндерінің арасынан ұнайтындары баршылық. Әсіресе Мұстафа Сандалдың «Ates Et Ve Unut» әні нағыз еркектерский боп көрінеді. Оның «Fikra»-сы да күшті.
Негізі тізе берсе көп қой. Қазіргі кездің Рок-пен Поп-тарын да жақсы тыңдайм. Арман Әубәкір ұрсып жібере ме деп тізіп жатпадым. "Мен ұйымдастырған концерттерге-ғой келмейсің. Ал мына тыңдап жүргендерің не бәле? Дәстүрлі әндерден бір-екі диск алып қоймайсың ба" деп айтып-айтып тастап еді өткенде. Мен төме-ен қарап қалдым.
Джони, лахенто эста муль локка
Эстафетаны Жарқынға берем. (Басқа кімді таниды дейсің. Назерке алмай қойды).