Мен торт пісіре алмаймын

Мен торт пісіре алмаймын
жеке
блог

Мен жоғары сыныптарда оқып жүргенде біздің мектепте асхана қызметі дұрыс болмады. Сол үшін біз үлкен үзіліс кезінде мектеп жанындағы дүкендер мен дүңгіршіктерге барып, түрлі дәмдерді алып, соған мәз болатынбыз. Көп ұзамай мектеп жанында үлкен сауда орталығы ашылды. Оның ішінде шағын ғана аспазхана ашылды. Барлығымыз сол жаққа барып, тамақтанатынбыз. Бізбен бірге ол жерді үлкен кісілер де жағалап жүретін. Әсіресе, орыс әйелдер дайын тамақтарды сатып алып, мәз болып жүретін. Бірде екі әйелдің әңгімесін тыңдап қалдым. Бірі екіншісіне: «Кеше күйеуіме апарған тамағым ұнады, бүгін палау пісірші деп айтып кетті. Қазір мыннан көптеп сатып алып, қазанға салып қоямын Мен пісірді деп ойлап жүр ғой» дегенде таң қалғанмын. Тамақ пісіргісі келмесе, пісірмей-ақ қойсын, бірақ несіне күйеуіне өтірік айтады деп сол кезде бала көңілім алаңдаған. Әлем сүйген актерлер Анджелина Джоли мен Бред Пит түскен «Мистер мен Миссис Смит» киносында сондай жағдай бар ғой. Отағасы жарына «Сен дайындаған тамақтар ұнамайды» дегенде ол «Мен дайындаған емеспін, оның барлығын мейрамханадан тапсырыспен алатынмын» деген еді.

Бүгінде үлкен орталықтардың барлығында аспазхана бар. Халқымызда соған үйреніп алды. Бір жағынан ол да дұрыс. Әсіресе, жұмыстан қолың босамай, тамақ дайындауға уақытың түгілі күшің болмайды. Немесе аяқ асты үйге қонақ келетін болса, азық-түлік алуға, дастархан жаюға мүмкіндік болмай жатса, тез арада дайын асқа қасығыңда ала жүгіруге болады. Қазір қызмет көрсету сапасы жақсарғаны соншалықты ешқайда бармай-ақ, телефон арқылы тапсырыс беріп, дәмді тағамдарды тез арада алуға болады. Мұндай қызмет түрі шетелде жақсы дамыған. Себебі, сол елдердегі тұрмыс-тіршіліктің сұранысы сондай. Әркім өзі үшін жауап береді, өзі үшін өмір сүреді. Біз секілді қонақ күтпейді, үлкен отбасыға ас пісірмейді, қонаққа да көп бара бермейді. Сол үшін де оларға мұндай қызмет түрі керек-ақ.

Өз басым біздің елде кеңінен таралып жатқан асқа тапсырыс беру қызметіне дұрыс қараймын. Біріншіден, уақытың болмаған кезде өте тиімді. Екіншіден, үйдегі немесе жұмыстағы отырыстарда қажетті дүние. Көпке ас әзірлеу оңай емес. Барлығының көңіліннен шығу мүмкін емес. Сол үшін де әркім өз қалағанын ала алады. Мәселе, жалқаулық, еріншектік, сылтау айтуда емес, мәселе, мүмкіндігінше сапалы қызмет түріне жүгіну, дәмді тамақтану және уақытты тиімді өткізу.

Мұның барлығын не үшін айтып отырмын дейсіз ғой. Менің қолымнан ас пісіру келмейді емес, келеді. Небір тағамдарды дайындағанды ұнатамын. Бірақ, мен қанша тырыссам да грузин халқының әйелдері секілді хачапури пісіре алмаймын, олар да біз секілді ет аса алмайды ғой. Немесе мен тәтті құмар емеспін, отбасым да сондай, тәттіге жақын емеспін. Шәйді қантсыз ішеміз. Сол үшін де торт, тәтті тоқаштарды пісіруге зауқым жоқ. Пісіргенмен ол біздің үйде ұзақ тұрады, ары кетсе үйдегілер бір қасықтан ғана ауыз тиеді. Болды сонымен. Қонақ келгенде, туған күн, басқа да мерекелерде амалсыздан тапсырыспен торт аламын. Оны мойындаймын. Жақында мені құрбым қонаққа шақырды. «Жолдан кондитерлік дүкенге кіріп, шәйға тәтті тоқаштар ала салшы» деп сұрады. Қырсық қылғанда жолымда дүкен болмады және тағы кешкі кептелісте тұрып қалдым. Содан не керек интернеттен іздей бастадым. Бірден Chocofood сайтына түсіп, сол жақтан неше түрлі тоқаштарға тапсырыс бердім. Қызығы, менен бұрын құрбымның үйіне тәтті тоқаштар жетіпті. Ол аздай тағы бізге комплимент беріп жіберіпті. Риза болып қалдық. Одан қалса, мен тапсырыс бергенім үшін жылдың соңында өтетін жарысқа қатысатын болдым. Жылдың соңында ұтысқа ие болып жатсам, таң қалмаңыздар.