Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық
жеке
блог

Менің әлемім-жүрегімнің қалауы.Әлемімнің ішін әдемілікпен әрлейтін ең ерекшесі менің мамандығым. Жан қалауы-тән қалауы.Сол себепті жан қалауы әртүрлі болады.Менің жүрек қалауым да, өмірімнің мәні де – журналистика. Көзқарасым бойынша, кез келген адам таңдай бермейтін саф таза мамандық. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар екені белгілі.Менің таңдауым дәл осы мамандыққа, яғни журналистикаға түсті.Журналистика шынайы мінез бен тұңғиық ойды талап етеді. Оның алатын жауапкершілігі расымен де салмақты. Бұл мамандықты таңдаған сәттен жан дүниемді ақтарып,осы қасиеттерді бойымнан іздей бастадым.Әрине, толықтай болмаса да, болашақта жетілдіремін деген ойдамын.

Журналист өз ішіндегі уайым мен қайғыдан, кемшілік пен кектен құтылуы керектігін ұғындым.Өз ісінің маманы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ.Кәсіби журналист болмасам да, менің осы салада түйгенім:әр қиындықтың түбінде  бір шешімі табыларын түсіндім.

Кез келген маманның өзіне үлгі тұтатын тұлғасы болады.Мен үлгі тұтатын журналист Ләйлә Сұлтанқызы.Негізі журналист боламын деген арманым 7- сыныпта оянды.Оның ішінде тележурналист боламын деп мақсат қойдым.Жақсы маман қашан да тапшы маман демекші, алдағы уақытта бұл мамандықты сүйіспеншілікпен жасайтыныма сенімдімін.

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз "Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та,бар қалан"-деп өзінің өлең жолдарында айтқан болатын.Өз ісінің кәсіби маманы ретінде,осы өмірде өз орнымды тапқым келеді.Бұл мамандықты таңдап, дұрыс таңдау жасадым ба?Жүрек қалауым расымен алдап кетпей ме?Осындай сұрақтар көкейімде маза бермейтін.Өсе келе еш қателеспей келе жатқанымды түсінгендеймін.