Тағы бір рет студент атанғым келді. Ақшам асып тасқандықтан емес, жүрегім қалаған жұмысқа орндаласамын ба деген үмітпен... Көптеген жоғарғы оқу орындарының қалтам көтеретін бірін таңдадым. Сынақ кезі қазір. Жетекшіміз: «Сен қанша сабақтан қалмай, тапсырма орындасаң да, өзің оқысаң да саған «қоймайды». Себебі, басқалардан ала алмағандықтан, сырттай оқу бөлімінен «алады». Қандай мұғалімдер сабақ береді? (Атап шықтым.) Ойбуй, мына екеуі нағыз «жындылар». Олар не «алмайды», не «қоймайды». Тапсырмасын орындасаң ғана, «қояды»... Оны өздерің «бірдеңе ғып» жабасыңдар. Қалғанымен «келісіңдер»...
Қателесесіз, жетекші апай, ол екеуі «жынды» емес, «алатын» қалғандары «жынды»...дегім келді. Айта алмадым. Себебі, сынақ айы әлі біткен жоқ. Ал менде жазға қалып, қайта тапсыру үшін артық «байлық» жоқ... Басымды изеуден басқа ештеңе келмеді қолымнан. «Келістім».
ПыСы: оқығың келеді, оқытпайды. Өзім оқимын десең, аз уақытта орындай алмайтындай етіп, тапсырмаларды үйіп тастайды...соңында жазғы сессия студенттерінің санын көбейтесің деген "жасанды қорқыныш" тұрады... "Ұстаздардың" айтқан "бағасына" келісуден басқа амал жоқ... Білімді сатып ала алмайсың. Алайда соны мен өзім де істеп жүргеніме қатты ұяламын. Бірақ бұдан басқа амал қалмаған...қалдырмаған...бұл амалым үшін... ренжімеңдерші, достар...