Мен сізге ғашықпын!

Мен сізге ғашықпын!
жеке
блог

Алғашқы күннен бастап бір-бірімізге сезіміміз ашылған еді. Аға, мен сізді бір көргеннен-ақ, қатты сүйіп қалдым. Уақыт өте келе, орайлы сәтті пайдаланып, оны сіз де мойындаған едіңіз. Бірақ, мен өтірік мән бермегендей болдым. Өйткені.............................. сіз отбасылы адамсыз. Екеуміздің кездесіп жүргеніме міне, 4 ай болды. Неге екенін білмеймін мен де, сіз де тоқтатамыз, тоқтатамыз дейміз де, бір-бірімізді көргенде бәрін ұмытып қаламыз. Неліктен??? Қиналып кеттім, әр кеш батқан сайын көзіме ыстық жас келеді. Күндіз сіздің қасыңызда ешнәрсе білінбейді екенғой, ал кеш басталып ұйқыға жатар шақта сіз  ойымнан кетпейсіз. Сіздің қоңырауыңызды күтіп жататынды шығардым. Сіздің мені сүйетініңізді білемін, бірақ сіз менен қарағанда ересектеу, ақыл тоқтатқан адамсыз гой қанша дегенмен,, , мені өзіңізден алысырақ ұстап, көңіліңізді суытыңызшы өтінем, мен бәрібір өз еркіммен қоя алмаймын оған сіздің де көмегіңіз керек. Сіз маған күліп қарап, сүйетініңізді мойындап, жазған кезде сізбен осылай жасырын болса да жүре бергім келеді. Бірақ олай болмайды ғой. Әйеліңізден де ұят болды мен ол кісінің қасында қысылып, сөйлей алмай қаламын. талай рет ортамызға түскен адамдар болдығой бірақ қашанғы бәрі тып-тыныш жабылып қалар дейсіз.................... ДОСТАР, маған ақыл қосыңдаршы, білемін бірақ тоқтат деуден басқа не айтасындар, өзімді тәрбиесіз адамдай сезінемін, басқа жігіттерді елемей неге дәл отбасылы адамға жолықтым екен. жүрегіме қанша айтсам да сүюін тоқтатар емес.