Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлау үшін келгенмін
блог
Құрметті Массагеттіктер! Биылғы жыл мен үшін "алғашқы қадамдардың" жылы болды) Алғаш рет үлкен сахнаға шықтым, енді міне алғаш рет блогымды бастағалы отырмын. Тағы бір тамаша ортаға қосылғаныма қуаныштымын. Музыка- сиқырлы күш, өнер жолы- қиын қадам. Дәл осы кезеңде демеу болар қолдаушыңның болғаны маңызды. Мен үшін бірініші қолдаушыларым-ол тыңдармандарым. Сіздердің кез-келген пікірлеріңіз мен үшін өте маңызды.
Ритм-н-блюз біздің эстрадамыздағы кеңінен таралып үлгермеген жанр. Дегенмен сіздердің назарларыңыздан тыс қалмайды деген сенімдемін. Плейлистеріңізден менің әнімдерім табылып жатса тіптен қуанышты болар едім. Шынайы музыканы тарту етуге, әндерім арқылы ой салуға тырысамын. Ал сіздерден тек шынайы бағалаулар күтемін))
Әріге осы )