Сәлем Массагетім және Массагеттегі бауырларым. Калайсыздар? Мен жоғалып кетіп қайта оралдым. Үнемі жазбалар жазуға үнемі қол тимейді, бірақ үнемі сырттарыңнан қарап, бақылап кетіп тұрамын. Массагеттің әр қуанышты жаңалықтарына қүанып отырамын, өйткені біздің Массагет жоғары дәрежеден көріне беретіне сенімім зор. Барлықтарыңызды қатты сағынып қалдым. Массагетке неге кірмей кеттің? Кайдасың? Не болып қалды? Неге үнсіз кеттің деген секілді хаттар көп келеді. Сондықтан Массагеттік бауырларыма өте ризамын. Әрдайым хал-жағдайымды біліп, сұрап тұрады. Сол кезде қуанып қаламын. Әсіресе, Айбек Шагатаев, Есілдің Еркесі, Жанар Кәрім, Мейрамбек Ермұханбетұлына, Мерей Асанова т.б бауырларыма алғысым шексіз. Массагеттіктер саны Аллаға шүкір көбейіп жатыр екен. Жаңадан келген бауырламызға тек жазбалары мағыналы, пайдалы кеңестерге толы, өз ой-пікірін саналы түрде жеткізе алатындай жазбалары көп болсын дегім келеді.
Барлық Қазақ елінің мұсылман бауырларын Қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, бейбітшілік Қазақ елінде көк байрағымыз желбіреп мәңгі өмір сүруді нәсіп етсін.
Енді жазбаларымды жазып тұрамын. Мені іздесеңіздер әлеуметтік желілерденде табыламын. Барлықтарыңызды жақсы көремін. Сүйдім. vk-gulfairuz_88@mail.ru.
Әзірге осы. Келесі жазбаларда кездескенше достарым.