Мен сізді сүйем
блог
Бұл сөз – ақындардың тұңғыш шабыты.
Жазушы қауымының ең алғашқы оқиғасы.
Комедиялардағы ең жарқын күлкі дауысы.
Трагедияның ең жан тебірентерлік шешімі.
Айтудың қажеті болмайтын сахна сөзі.
Ар мен ожданның жарнамасы.
Алдаудың ең сұрқия жемі.
Тәтті қиялға кірер есік.
Шын сөздер арасындағы ең кішпейілі.
Батыр қаһармандардың ең оңай жарақат алатын әлсіз тұсы.
Бирократтардың айтуға болмайтын сөзі.
«Жауын-шашынның» алдындағы найзағай.
Жер сілкінісінің жер бетіндегі қалдығы.
Тарих беттерінен ең ертеде-ақ өшірілген материял.
Өшпенділіктер арасындағы бітіспеудің себебі.
Соқырлар көре алатын гүл, саңыраулар ести алатын күй.
Соғыс майданында кем болса болмайтын «азық-түлік» қоры.
Ақиқаттар ішіндегі ең қағидасыз нәсихат.
Тілемшілер мәңгі қайыр-садақаға ала алмайтын дүние.
Көңілдің көктемі, көктемнің гүл-бәйшешегін қауашақ аттыратын бұлақ.
Дәл осы сәтте жер шарындағы елу миллион компьютер бір уақытта вирусталды. Өйткені, бұл вирустың аты – мен сізді сүйемін!