Мен Сізді жақсы көремін!

Мен Сізді жақсы көремін!
жеке
блог

 

         Бізді Вконтакте желісі таныстырды ғой. Бәрі «Сәлем! Қалайсың?»-мен  басталды. Одан бері де  біраз уақыт өтіпті . Сіз  жайлы айналамдағылардың бәріне айтып,тек «үшінші үйімдегі » «туысқандарыма» айтпаппын. (Кешірім өтінемін,массагеттік туыстарым!)

          Сіз екеуміз керемет  тіл табысамыз. Әңгімеміз де әр кез жараса кетеді. Сіз ақын  болып, мен поэзия әлемінің кіре беріс бөлмесінде тұрсақ та біздің әңгіме тек жыр туралы сырмен бітпейтін.  Армандауға,қиялдауға ұстамыз,әйтеуір. Кейде болмасты армандаймыз,әлде «болмас» дегенім қате ме екен? Білмеймін.

          «Өлеңдерімді рұқсатсыз алдың» деп ренжімессіз.  Сізбен мақтанғым келіп отыр.  Білесіз ғой,мен Сізді жақсы көремін. Сіздің де мені жақсы көретініңізді білемін. Әрқашан  жүзіңізден күлкі нышаны кетпей, ақындықтың асқар биігіне жетіңізші!   

                             КЕРІСІНШЕ   БОЛСА…

 

Тәңірден  дұға  тіледім,

Өзіңмен  қырат  асуға.

Мен  сені  жұбатып  едім,

Сен  мені  жылатасың ба ?

 

Жанымды  жылатпа  менің,

Сезімді  құлыптадың ба ?

Мен  сені  ұнатқан  едім,

Сен  мені  ұмытқаның ба ?

 

Бағыңды  қоймай  тіледім,

Басқамен  сайран  құрдың ба ?

Мен  сені  ойлайтын  едім,

Ойымды  ойран  қылдың ба ?

 

Біздегі  баяғы  ай-күн ғой,

Жанымды  саялайсың ба ?

Мен  сен  аялаймын ғой,

Сен  мені  аямайсың ба ?

 

Жатамын  жамылып  жыр-мұң,

Жанымнан  табылмайсың ба ?

Мен  сені  сағынып  жүрмін,

Сен  мені  сағынбайсың ба ?

 

Мен  үшін  ұдайы  алғашсың,

Келерсің,  аңсаған  күні…

Мен  құсап  шыдай  алмассың,

Керсінше  болса  барлығы…

 

                        СЕН. МЕН. БІЗ…

 

сен  қайдасың, мен қайдамын, қайдамыз ?

ұмтылатын  едік  бірге  айға  біз.

енді  екеуміз  жүремізбе  жолықпай ?

тағдырымыз  тоғыстырмас  тайғақ  із.

 

сен  кімгесің, мен  кімгемін, кімгеміз ?

қу  дүние  бірде — көктем, бірде — күз.

сірә  жаным, сен  көктемсің, мен  күзбін,

бірге  бола  алмаймыз-ау  мулде  біз.

 

сен  күрсіндің, мен  күрсіндім, күрсіндік,

екі  жүрек  күрсінгені  бір  сұмдық.

бақыттан  бас  тартпаймыз  деп  құлшындық,

біз  бақытты  бола  алмадық  бұл  шындық.

 

сен  басқасың, мен  басқамын, басқамыз,

қасақана  қош  айтысқан  қасқамыз.

сені  ойлап  жүрегіммен  жыр  жазам,

мені  ойлап  жанарыңнан  жас  тамыз.

 

сен  амансың, мен  аманмын, аманбыз,

аман  болсақ  бір  кездесіп  қалармыз.

болар  болмас  махаббатқа  адалмыз,

бақытымыз  болса  іздеп  табармыз.

ХОШ  БОЛ, ЖАҚСЫ !!! жаман  қыз…

 

                           ҚҰРЫСЫН  БӘРІ…

 

Кеудесін   айқара  ашып  түн  керіле,

Куә  болдым  жат  көлікке  мінгеніңе.

Қара  көлік  сені  әкетті, мен  өкіндім,

Әлі  күнге  қара  жаяу  жүргеніме.

 

Ырғағына  би  билеп  шетел  әннің,

Көлікке  отырдыңда  кете  бардың.

Қызғандым,  бірақ  бәрін  көтере  алдым,

Ойланып  қара  түнде  жеке  қалдым.

 

Кете  барды  тас  жолмен  қара  көлік,

Соншалық  кеткенмінбе  бала  болып.

Сен  мінген  сол  көліктің  табанына,

Мендік  сезім  тапталып  қалады  өліп.

 

Бар  десем  ғашығымның   тылсым  жағы,

Тылсымның да  ашылды  қыр  сырлары.

Қабірімді  қолыңмен  қазып  беріп,

Қадірімді  түсінбей  жүрсің бе  әлі ?

ҚҰРЫСЫН  БӘРІ…

 

 

                   КЕШІР ЖАНЫМ…

 

Сені сүйе алмағаным үшін,

«сүйем» деп жиі алдағаным үшін.

алдауға ұялмағаным үшін,

басқаны қиялдағаным үшін.

КЕШІР…

 

сертімде тұра алмағаным үшін,

сезімсіз жыр арнағаным үшін.

жыныраудан шығармағаным үшін,

мұңайғаныңда мұңаймағаным үшін,

қуанғаныңда құ анбағаным үшін.

КЕШІР…

 

бал ләззат өткеру үшін,

сені ермек еткенім ушін.

жылатып кеткенім үшін,

түбіне жеткенім үшін.

КЕШІР…

 

байқалып бір балалық ісім,

ұйқыңды ұрлағаным үшін.

өзіңді шын бағалы құсым,

қалыңдық қылмағаным үшін.

КЕШІР… 

бақытым, бақтағы құсым,

сыр шертті ақтарып ішім.

бақатымды тапқаным үшін,

бақытты жатқаным үшін.

КЕШІР…

 

Қаусаса қауырсын жаның,

қайғыңды ауырсыңғаның.

бүгінде жауымсың жаным,

көресің бауыршыл бәрін.

алі де тәуірсің жаным.

кеш емес, табылсын бағың.

КЕШІР  ЖАНЫМ…

            Ершаттың жырлары мұнымен бітпейді. Мен әлі ол туралы талай айтып беремін сіздерге.  Сіздер тек өлеңіндегі кереметті,адалдықты көріп отырсыздар,ал оның жүрегі...  Қызық болсын,оны кейінірек жазамын.  Оған дейін Ершаттың өлеңдерін іздеп оқырыңызға кепілдік беремін.