Мен сүймеген мамандық
Ерінбей еңбек етсең-
Ерінің асқа тиеді.
Ерініп ілбіп кетсең,
Иегің тасқа тиеді,- дейді халық даналығы. Йа, шыныменде, еңбек еткеннің бейнетінің өз зейнеті бар. Мектеп табалдырығынан ұшқаннан кейін барлығымыз елінің мақтан тұтар, ата-анасының сенімін ақтар бір-бір маман иесі болғанды қалаймыз. Сол мамандықты жүрек қалауымызбен, кейде «осы мамандықты оқысаң жаман болмассың» деген жақындарымыздың айтуымен бірнеше жыл оқимыз. Оқуды тамамдаған соң кейбіреулер бар ынтасымен жұмыс қылады, кейбірі өзге бағытта жұмыс атқарады.
Бала күнімде үйдегілер де, әкем де, әпкелерім де дәрігер боласың деп айтқаннан кейін ба, дәрігер болғым келетін. Әпкем өзі дәрігер. «Егер дәрігер болмасаң…» деп, әзіл- шыны аралас айтушы еді. «Кім боласың?» десе «дәрігер боламын» деп жүрдім. Әбден менің құлағыма сіңіп қалған болу керек. Өзім сол кезде қалаған шығармын. Бірақ кейін өзімнен- өзім пікірімді өзгерттім. Неге екенін білмеймін. Журналист боламын дедім. Бірақ бастауыш сыныпта оқып жүргенімде қолыма түскенді микрафон қылып «біз хабар арнасынан келдік» деп үйдегілерден сұхбат алады екем. Есімде. Бірақ кім боласың десе дәрігер боламын деп жүрдім. Апамды, атамды емдимін деп айтатынмын. Білмеймін. Кейін есейген соң көп ауырып, жиі ауруханаға жаттым. Күнде дәрі, күнде ине, күнде тамырға екпе (капельница), дәрігерлік тексерістен тексеріс. Тіпті дәрі ішкім келмейді. Содан мен дәрігер болмаймын деп шештім. Үйдегілерге бірден шешімімді өзгертіп қорықпастан өз байламымды айттым. Барлығы сөйлеп шықты. «Сен түсінбейсің ғой. Ол мамандық кейін өзіңе керек қой» деп қарсы шықты. Сонда да қайтпадым. Дәрігерлерді жек көріп кеттім. Мен ол абзал жандарды алалағаным емес. Дұрыс қой, олар маған қолдарынан келгендерінің барлығын жасап жатыр, мен сауығып кетсіндеп. Йа, олардың басты міндеті сол. Гипакраттың атынан ант етіп отырған соң, адамдардың тағдыры осы жандардың қолында. Жұмысы адал болуы керек. Адам өмірімен арпалыс өте жауапты жұмыс. Дәрігерлердің жасаған еңбегі шексіз. Адамдар өмірін арашалауда. Күн, түн демей халыққа жүгіреді. Алдына ем сұрап келген жанның үміт отын сөндірмей, тән ауруын емдеуге тырысады. Қазір жаңа технологиялар дамып, шет елге қаражат құртпай-ақ , өз елімізде күрделі оталар жасалуда. Және олардың барлығы жемісті. Мысалы, дене мүшелерін транплантациялау (ауыстыру), лазерлік апараттармен, еш ота жасамай-ақ емдеу, ана мен баланың денсаулығы. Сәби ана құрсағында жатқаннан бастап, қалай жетілуін бақылау, ауруы болса емдеу. Жүрек ауруларын емдеу. Рентген, УЗИ аппараттары да қазір жаңа технологиямен жасалған. Айта берсең көп. Тіпті, Елбасымыздың өзі, елінің амандығы, халық денсаулығы маңызды болғандықтан, жоғары дәрежедегі сауықтыру орталықтарын, емдеу мекемелерін ашуда, жаңа аппараттарды шет елдерден көбірек алып келуде, шет ел дәрігерлерінің тәжірибелерімен алмасып, өз еліміздің дәрігерлері шет елге шығып білімін жетілдіруде. Алдымен Алланың, екінші дәрігерлердің, шын жүрегімен қалаған, еңбектерінің арқасында көп жандар аман қалуда. Барлығымыз Аллаға, дәрігерлерге сенеміз. Бірақ мен ол мамандықты сүймейді екем. Өзім қаннан қорқамын, ине (укол) салмақ түгілі ұстай да алмаймын және өзіме сенімдірек емеспін. Дәрігерлік тексеріске барғым келмейді. Алла сақтасын, бірақ барып тексерілмесең, «жек көремін, дәрі ішкім келмейді» деп жүре берсең ауруың асқынып кетуі мүмкін. Емнің «көкесі» сонда болады. Дер кезінде қаралып, дәрігердің ақыл-кеңесін алып тұрған еш артықшылық етпейді. «Ақ халатты абзал жандар» деп құрметтейміз.
Егер ата-анам мені болмайда болмай дәрігер оқуына түсірсе, бәлкім, «балалар дәрігері» болармын. Бірақ бұл мамандыққа жүрегім бұрмады, жүрек қалауым басқа болды. Мамандық таңдау мен өмірлік серігіңді таңдаудан қателеспеу керек дейді. Сондықтан, көп жандар өз жүрек қалауына үңілсе, дұрыс таңдау қабылдаса екен деймін. Әйтпесе, қаншама жылғы оқу желге ұшып, басқа бағытта жұмыс атқарады, не салғырт маман иесі қалыптасады. Бұл мақаланы дәрігерлердің еңбегін жоққа шығару үшін жазып отырған жоқпын.