Мен сүйген ПЕРІШТЕ

"Мен сүйген періште"

                                                             І

     Каспидің шулы да суық толқыны жағаға кеп бар күшімен сүйретіле құлап, өзінің қаһарлы сұлулығын паш етуде. Бұл күндері Дана жағаны көп бойлайтын болыпты. Қазақ қыздарына тән қара шашы дымқыл желмен ойнақтасып, сабырсыз күшпен нәп- нәзік бейнесін жабуда. Тек, көз. Қыздың көзі сойқан соққан толқынға қарап жыламсырап жатты. Көктемнің дымқыл суығына қарамастан  Дананың үстінде тізеден аспайтын қара - ала көйлегі ғана бар...

   - Әй, кет! Кет деймін, басынды жарамын! - деп бар ащы даусымен айқай салып келе жатқан пицца тасушы қыздың мопеді тоқтар емес. Ақтауды түгелімен басына көтеріп келе жатқан шулы дауысты қыз - Дана болатын. Басында қызыл желек, қабағын қатулана түйген, екі қолымен мопедтің екі руліне жатып апты. 31 - үйдің алдына тоқтады да, мопедтен секіріп түсіп, қолына пицца толған қорапты іле сала, бар күшімен жүгіре бастағаны сол еді, күн қаһарлана күркіреп, жауын шашты. Дана жер әлемнің барлғын балағаттап, былапыттап келе жатқаны сол еді, үстіне төгілген дымқыл жауын тоқтай қалды. Қолшатырды Данаға қарай ұсынып тұрған бишпетті шалбар киген бозбала. Барқытты суық әтірдің иісі адам тартарлық." Осындай жауынның астында бұл кісі неғіп жүр екен?! " - деген ой Дананы бір селк етті. "Тиісіп жүрсе қайттім"  - дегені сол еді, әлгі жігіт қос тізесімен жерге сылқ ете отыра қалды. Қалай бергені белгісіз Дананың қолында қолшатыр. Басын жоғары көтеріп: "О, Құдай, жауын -- шашын аз кісіше, мына маскүнемді қоса бергенің қалай" - деп тізесіне жабысып отырған жігітті аяғымен итере салды. Жүре бергенде жауын сумен араласа аққан қызғылт қан көрінді, ол бишпет киген жігіттің аяғынан шығып жатты. Дана дереу басындағы қызыл желегін шешіп, жігіттің тізесін орай, қолына телефоның алып жедел жәрдемге қоңырау шалғаны сол еді, әлгі жігіт Дананың қолын ұстай "керек емес" - дегендей басымен шайқады.

- Сен, сен мафия емессің бе? - деп үн қатты  Дана.

-  Өтініш сеннен, мені үйіне апар, жарамды қымтап берсең болды.- деп әлгі жігіт қыздың қолың жіберер емес.  Дана мыср етті де

- Әй, жігіт есің дұрыспа өзіннің? Сөйлей алады екенсің, өмір сүресін. - деп Дана қолшатырды алып жүре бергенде,

- Елу мың, елу мың берем! - деп жігіт қолын созды. Қызға ақша керек болмаса неменеге пицца тасып жүр өзі?! Әрине керек. Дананың өзегі ақшадан өртеніп барады, құдды миллион ұтып алғандай, бұрыла сала:

- Жігітім - ау, солай демедің бе! - деп жігіттің қолың иығына салып көтерді.

- Негізі мен өте, өте мейірбан қызбын, тек асығып тұрғаным болмаса, дегенмен көмектесемін. Таксиге төлесең болды - деп екеуі такси тоқтатып үйге келді, Дана жігіттің жарасын қымтап отырғанда:

- Мені көргенінізді ешкімге айтпасаңыз деймін. - деді әлгі жігіт. Дана басын көтеріп отыра қалды. Біраздан соң:

- Сен әлгі актер емессің бе? Ана сериалда ойнаған?! Жігіт мырс етті де

- Сіз мені енді таныдыңыз ба? Бекер болған екен - деп тұра бергенде, Дана қолынан ұстап:

-Тоқтай тұрыңыз, мен, мен ешкімге айтпаймын. Айтпайм дегнмен үстіне тағы отыз, жоқ тағы елу мың қосыңыз. - деді өрлне. Неліктен бұл атақты актер Ақтауда жүр, неліктен жаралы, мұнымен Дананың ойы да жоқ. Тек ақша алса болғаны.

   Каспидің толқындары жағаны бар күшімен сүйретіле шайып кетуде...



Бөлісу: