Мен студент болдым)

Мен студент болдым)
жеке
блог

Сәлееееем, Массагет!

"Қайда жүрсің?" деп мені іздейтін адамдар бар екеніне мәзбін:)))

Онда жаңалықтарыммен бөлісейііііін))

"Электронды журналистика" мамандығы бойынша оқып жатырмын. Дәстүрлі журналистикадан ерекшелігі: журналистиканың барлық түрін бірге меңгереміз және интернет-журналистиканы бөлек пән қылып өтеміз. Группада 3 ұл, 10 қызбыз. Өте білімді оқытушылар сабақ береді. Профессор Бауыржан Жақып, Шынар Қалиаждар, блоггер-журналист Әділ Нұрмақовтар сабақты қызықты өткізеді (соңғысының қазақша түсінбейтіні болмаса). Орыс группасына Артур Плотонов сабақ береді. Тек бір ғана сабағына қатысып көргім келеді. Өмірде де сондай ма, әлде тек жазылып берілген нәрсені шебер оқып беруші ме? Соны білгім келеді. Әйтпесе группаластарым сияқты "Түуу, бізге неге Плотонов сабақ бермейді?" деп ренжігем жоқ:)))) 

Өзіме ең қиыны "Журналистикаға кіріспе" пәнінен басқа пәндердің барлығының ағылшын тілінде өтуі.

Қызық болғанда ең бірінші күні екі сағатқа кешігіп бардым))) Әлі дұрыс танымағасын онымды ешкім байқамады) Негізі уақытында-ақ шыққанмын. Тек Алматының бар оқушылары мен студенттері сол күні мен сияқты сабаққа шығатынын ескермеппін. 

Университетімнің ұнамаған жерлері:

- Студенттердің барлығы дерлік батысқа еліктеген мәңгүрттер;

- Жаңа ашылғандықтан өзінің кампусы енді салынып жатыр. Сондықтан, оқитын жеріміз Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысында орналасқан кішкентай ғана ғимарат;

- Оқытушылардың 70% жас. Осы себепті оқытушылар мен студенттерді айыру қиын. Амандаспасаң сөгіс естисің тағы (ректормен амандаспағаны үшін бірінші курстың үш баласын оқудан шығарды). 

Студенттік өмірге қадам басу кешіне (посвящение) бармадым. Баруға зауқым соқпады. Афтепати түнгі клубта болады деген. Түнгі клуб пен Ақжелеңді антоним деп түсініңіздер)))) Артынан бармағаныма тіптен қуандым. Группаластарым: "Түк те қызық болған жоқ, таңға дейін де еді, онысы өтірік екен. Сағат он екіде клубтан қуып шықты" деп ренжіп келді. :))))

Осы апта бойына аралық бақылау (рубежка) болды. Ойдағыдай жаптым бәрін. Содан қол босап, жетісіп жаңалықтарыммен бөлісіп отырған түрім мынау)))) 

P.S. Қатесін тексеруге уақыт жоқ, сөкпессіздер)