Соғыс деген-жамандықтың бастауы,
Соғыс деген-қатыгездің астауы.
Ана жылдап,бала жетім қалатын,
Соғыс деген-адамзаттың қас-жауы.
Қанша адам мерт болды соғыстан,
Ей,адамдар енді бейбіт жолды ұстан!
Сол жеңістің келуіне аянбай,
Үлкен үлес қосты біздің Қазақстан.
Кеше болған барлық зұлым соғысты,
Қайталанбас деп ойлаймын бұл істі.
Қазақтардың кең пейіл,ақ-көңілі,
Болсыншы бар халыққа жұғысты.
Соғыс деген-жауыздардың тірлігі,
Қарсы тұрар оған елдің бірлігі.
Жер бетінде аман болсын бар адам,
Жер-Ана ғой тіршіліктің кіндігі!