Мен сенің елесіңмен күн кешем...

Жүректе мекен еткен бір тәтті сезім бар. Уақыт өтер, сол уақытпен бірге сол сезімге түрткі болған жанда кетер. Өмір жолы әркімде әр қилы, кей тағдырлар тоғысып жатса, ал біреулері енді ешқашан көріспейді. Жалындаған жастық студенттік шақта өтті, санаулы күндер қалды, бітіріп кетеміз, және осы жердегі таныстар да, достар да, тәтті күндерде, қимас көңілдерде бәрі-бәрі қалады. Қалады... Ия, ішінде бірең-сараңы қалар бір-бірімен аражіптері үзілмей ал қалғандары,ал қалғандары саналары мен жүректерінде сол кездердің естеліктерін арқалап өз жолдарымен кете барады. Менде кетемін, санамда ғана емес, жүрегімде де осы жылдардан қалған тәтті сезім естелігімен. Ия, тәтті, мейлі ол баянсыз болсын, мейлі ол ертегідей болмасын, ол мен үшін тәтті, мен үшін ұлы сезім, мен үшін ұмытылмас естелік және бұлдырамас сағым елес болып менің жүрегімде мәңгілік қалады. Ол менің сезімім, мен сүйген жанның елес-сағымы.

Бәрі-бәрі есімде... Сені алғаш көрген күнім, сен дегенде алғаш жүрегімнің селк еткені, сен туралы алғаш армандағаным, сені алғаш түсімде көріп елестеткенім, сені алғаш сөз еткенім, сені армандап, аңсағаным. Сені ойлап қиналғаным мен сені іздеп алып-ұшқаным, өзіңді көріп қуанғаным, қуанышыңа шаттанғаным, қиналысыңа жылағаным, бірге отырып тамақтанғаным,өзіңмен айтқан әрбір сөз, өзіңмен өткен әрбір сәт, бәрі-бәрі есімде, есімде... Енді бұл естеліктер ешқашан өшпек те сөнбек те емес, мен оларды өшірмеймін. Себебі, мен бұл естеліктермен өмір сүрем, осы күндердің естеліктерімен өмір сүргім келеді. Сенің күлген күлкін, жымип қараған қарасың, өзіңше бір ұрысқан түрің, ақыл айтқандағы байыпты келбетің, ашуланғандағы қабағың, сенің бейнең – менде қалған елес. Енді мен сенің осы елесіңмен өмір сүрем. Бос отыра қалған әр сәтім сенсіз, сенің елесіңсіз, сенімен өткен шақтардың естелігінсіз өтпейді. Сен менімен мәңгі болмасаң да сенің елесің, естелігің менімен бірге мәңгілікке. Олар менің жүрегімнің тереңінен орын алған. Олар менің санамда өшірілместей болып сақталған. Мен сенің елесіңмен күн кешем...........

 

19 мамыр 2012 жыл

 

 

 



Бөлісу: