Мен сені ұмытқандаймын

Мен сені ұмытқандаймын... Ақиқатында ұмытқан емеспін, тіптен ұмыту үшін тырысыпта көрмедім. Бар білерім сені аледе бар болмысыммен құлай сүйем. Ия, дәл бір кездегідей кіршіксіз, пәк пейілмен. Мен сен үшін қашанда жұмбақ болып көріндім. Шындығында жұмбақ болар түгім жоқ. Бүгін Жасұланды көрдім. Ия, Қысмұрат қарттың кенже немересі. Ол маған сен жайлы айтты. Бел омыртқаңа біткен дерт әліде сені әлекке салуда екен-ау. Естігенде жүрегім езіліп қоя берді. Сырт көзге тым дертсіз болып көрінген сорлы жүрек сенің есіміңді естіген бойда алып ұшып қоя бергеніне жол болсын. Енсемді езген зілдей мұң, санамды тұмшалап алды. Сен «ана» атанасын. Мына жарық дүниеге, өмір бақшасына жаңа өмір, жаңа үміт, жаңа бір тіршілік иесін әкелесін. Неткен қуаныш десеңші... Кеше ғана қол ұстасып жүрген армандары ортақ ғашықтар едік. Енді міне жандары жат, армандары әр басқа бір-бірімізге өгей жандармыз. Сен өзге шаңырақтың шаттығына айналдың. Өзге жанның ақ некелі жарсың...  Рас, мен сенің жаныңда болдым, жарың бола алмадым. Мен сені сүйдім, сүйіктің бола алмадым. Мен сені жылаттым, жұбата алмадым. Ұнаттым, ұмыта алмадым. Жүрек жарақатын таңа алмадым. Ол үшін сенде яки сендік пәк сезімде кінәлі яки айыпты емес. Айыпты болмақта емес! Қай заманда болмасын, қаша болмасын мен сені сүйем. Сүйіп қала берем...

      Мен сені сүйіп қала бердімде... Сенің қарақаттай кіршіксіз жанарың. Көктегі күннің өзі қарауға қымсынатын нұр дидарың жадымда. Жадымнан шығармақта емеспін. Бүгін түн баласы түсіме еніп шықтың. Біздің ең ақырғы рет кездесіп, қоштасқан күніміз. Сенің жанарыңа жас алып тұра айтқан сөзің: «Мен сені жек көрем. Өйткені сені шын сүйем. Мені кешіріңіз. Егерде мені сүйгеніңіз рас болса, мені мәңгілікке ұмытыңыз...»

         Менің ұмытқым келмегенімен өмір өз дегенін жасады. Уақыт мен ойлағаннанда қатыгез екен. Бір сенің бақыттыңды бұзбайын деп сені іздеуді, аңсауды доғардым. Сені бұл әлемде жоқ деп өз-өзімді қинай сендірдім. Сырт көзге бақытты болып көріну үшін барымды салдым. Мен өзгені алдаймын деп, жүріп өзім де сенің жоқтығыңа сенгендеймін. Ал, бүгін Жасұланды кезіктіріп өз жүрегімнің сені әліде аңсайтынын ұғындым... Ол өзінің Раушанын, ақ періштесін аңсайды... Өзге бақтың төрінен орын алған менің раушаным!

 

ЕСІЛ ТҰМАН



Бөлісу: