Мен. Сен. Ол.
блог
Уақытша бақыт сыйлап, мені бақытты етіп, бірақ сол уақытта өзі бақытсыз болып жүрген "адамымды" өз бақытына жібердім. Әлдеқашан. Сен, сенбе, қала, қалама... Өмір. Тағдыр. Сынақ. Қателік. Білмедім ... не үшін жолыққанымызды. Кім кім үшін жаралған? Кім кімге бақыт сыйлай алады? Сені бақытты қылып жүрген адамның өзі бақытты ма екен? Ал, өзің бақыттымын деп жүргеніңмен, жүрегің не дейді... Біреуді бақытты қылғаныңмен, өзің бақыттысың ба? Мен-сен-ол. Мен-ол-сен. Сен-мен-ол. Сен-ол-мен. Ол-мен-сен. Ол-сен-мен. "Махаббат - үштаған". Қазіргі таңда ажырамас тіркес пе?
Қолы, жолы жетпей жүрген - сенің бағың емес пе?
Еріп жүрген жоқ па екенсің "бақыт" деген елеске...
Сірә, сенің бақытың да сол бір "бейбақ" емес пе...
Саған күлкі сыйлап кеткен жанды алшы бір еске...
PS. Жарық Күн, тыншымады мына жүрек бір сәт те... (қазан, 2013)