Мен сені қимайды екенмін...
блог
Мен сені қимайды екенмін...
Уақытқа жетер жүйрік бар ма? Шіркін!... Зымырай, зуылдай өтіп кетті. Массагет сайтына жалпы сайттарға кірмегелі көп болып қалыпты. Кейде интернетке кіруге қаражатым болмай кірейін десем де кіре алмай жіпсіз байланған тұсатарым көп болды. Ауылдың кешкі салқын, жұлдызды түндерінде, үйде жалғыз қалып жүрдім. Толассыз ойлар, арманға жетелеген сансыз, ұшы қиыры шектелмеген ұзын-ұзақ қиял жаныма маза берген емес. Тыныштық, ешкім жаныңды мазаламайды. Телефонға еріксіз қарайлай беремін, әрине әзір менен ешкім көмек сұрамасын білемін. Себебі, демалыстамын ғой...
Блог, интернет, сайт дегенде ең әуелі менің көз алдыма МАССАГЕТ елестейтін болды. Оның орны бар, ең алғашқы блогымды осы сайтқа жариялаған едім. Одан алысқа кете алмайтынымды енді түсіндім. Қолым бос кезінде массагеттегі жазбаларды, оны жазған адамдарды, менің жазбама пікір қалдырған адамдар есіме түсіп кететін болды. Сайт дегенді мүлде тоқтатып басқа нәрселермен айналысып кетпек болған едім, қайта келдім, кету қолымнан келмеді. Мен сені қимайды екенмін МАССАГЕТ!