Сәлеметсіздер ме, массагеттік өрендер! Менің есімім – Аймереке. Мен бұл блогта құрбым Гүлнұр жайлы, яғни «Томирис» тобының мүшесі – Маратова Гүлнұр жайлы айтпақпын.
Гүлнұр екеуміз бір мектепте, бір сыныпта оқимыз. Сабақты 5 - 5-ке оқиды. Үздік аттестаттан үміткер қыздың бірі. Сыныпта староста қызметін атқарады.Әрдайым сыныпты алға бастап, сыныптың абыройын биік ұстап жүреді. Мектептегі қоғамдық шаралардан тыс қалған емес. Мектепшілік КТК сайысына ылғи да сыныпты өзі дайындап, кубог жеңіп алады, өзі «Үздік ойыншы» деген атақты иеленеді. Қысқасы Гүлнұр сегіз қырлы, бір сырлы жан. Ақылына көркі сай қыз. Барлық адаммен тез тіл табысып кетеді. Танысқан адамдарын өзінің құрбысындай көреді.
Гүлнұр жайлы айта берсем, мына блогқа сыймай кетер. Өз - өзіне сенімді қыз. Алға қойған мақсаты да жетерлік. Массагетпен мақсатына жетеді деген сенімдемін. Мен Гүлнұрға сенемін және оған жеңіс тілеймін! Алға Гүлнұр!!!