«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»
Нағыз достар-бұл өмірдегі үлкен құндылық, сондықтан екі дос оны бағаласа, мұндай достықты жоғалту қиын.
Нағыз дос сіз өзіңізді жаман сезінген кезде және жақсы болған кездеде жаныңда болады. Ол әрдайым сіз үшін қуанады, алаңдайды, қолдау мен көмектесуге тырысады.
Адам есірткіге тәуелді болған кезде, бұрын оған маңызды болған нәрсені бағалауды тоқтатады. Бұрын шынайы көңілмен қатысқан адамдарға өтірік айтуы мүмкін. Бір кездері қорғаған және қолдаған адамдарғада опасыздық жасауға дайын тұрады. Оған көмек қолын созғандарды ойланбастан «сатып» жіберіп, немесе қиын жағдайларға итермелеп тастап кетеді.
Достардың проблемалары мен мүдделеріне мүлдем бей-жай қарайды, өйткені ол есірткіге толықтай бағынады. Сонымен қатар, келесі "дозаны" қалай алуға және оны қолдануға болатындығы жайлы ғана ойлап, басқа ештеңені маңызды деп санамайды. Мұндай адаммен дос болып, араласып, барлығына ортақ алшақтау қажет.
Нашақор-досы бар жасөспірімдер өздеріне жиі келесідей сұрақтар қояды: мен есірткіні тұтынып көрсем досымды жоғалта қоймаспын, себебі екеуміздің әуесіміз бір боладығой; Мен досымды есірткіден құтқаруым керек!; Егер мен біреулерге досымның есірткі қолданғаны туралы айтсам, мен оны «сатқан» боламын, оны құпия ұстауым керек!- дейді.
Алайда, нашақор өзінің жеке басын бақылауды жоғалтады, есірткісіз өмірден ләззат алу мүмкіндігі жоғалады, өте қысқа мерзімде тозады, қартаяды және ағзасы бұзылады, АИТВ инфекциясы мен гепатитті жұқтыру қаупі пайда болады, барлық жақын адамдармен қарым-қатынас бұзылады, оқу орнынан шығару ешқандай әсер тудырмайды, наркологиялық диспансер немесе полиция бөлімшесі әдеттегі болатын жерлерге айналады.
Адамның өзі есірткіге тәуелді екенін және шынымен емделгісі келмейтінін түсінгенше, оны құтқару әрекеттері сәтсіз болады. Сонымен бірге, сіз достығыңызды бұзатын "құтқарушы" кешенін дамыта аласыз, өйткені ешкімге өз өмірін басқара алмайтын адам ретінде қараған ұнамайды.
Мамандардың көмегіне жүгінбеген нашақор тез арада өліп кетуі мүмкін. Ал ондай нашақор-достың есірткіге тәуелдігін барлығынан жасырсаң, оған көмек бермейсін, керісінше қауіпті жағдайда қалдырасын.
Нашақор досына көмектесу үшін: сіз өзіңіздің есірткіге және досыңның тәуелділігіне деген көзқарасыңызды жасырмауыңыз керек; досыңыздың есірткіні қолданудан қандай салдар күтіп тұрғанын түсінетіндігін білу қажет. Егер нашақор оған жаман ештеңе болмайды деп ойласа, онда ол өзіне төндіретін қауіпті бағаламайтыны анық. Досыңызға препараттардың ағзаға әсері және өмір мен денсаулыққа қауіптілігі туралы объективті ақпаратты айтып, оған есірткінің неге жиіркенішті және сіз үшін қолайсыз екенін түсіндіру қажет; оның есірткіні не үшін қабылдағанын біліп, қандай да бір туындаған қиын мәселені шешу жолдарын қарастыруға болатыны жайлы түсіндіруге тырысыңыз; досыңызды қызықты іс-әрекеттер мен хоббиге тартып, оның назарын есірткінің әсерінен әлдеқайда жарқын және өмірде болатын түрлі ләззаттарға аударуға тырысу; досыңызбен тек есірткіні қолдануға немесе есірткіні қолданатын немесе тарататын басқа адамдармен кездесуге болмайтын жерлерде уақыт өткізіңіз; нашақор досыңызбен қарым-қатынас жасау тәсілдері туралы кеңес алыңыз. Досыңызға тәуелділікті жеңуге көмектесетін мамандардың телефондарын беріңіз.
Ал егер сіздің досыңыз, сізді есірткі қолдануға тарта бастаса, бұл оның сіз туралы алаңдамайтынын білдіреді, ол сізге не болатынына мән бермейтіні анық. Бұл жағдай қауіпті болып есептеледі.
Есіңізде болсын, есірткі - өмірді бұзады, қымбатты адамдардан алыстатады! Өзіңізді есірткіден қорғаңыз!
Қадыр Фариза
№3 мектеп - лицей