Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған  есірткі жайлы  айтып беремін

 

            Есірткі.... аты айтып тұрғандай  адамды есінен тандыратын, есіртетін, жалпылай  айтқанда  ессіз  құмақллыққа жетелейтін зат.  Бұл атау  еңкейген кәріден есі кірген жастарға  дейін таныс, өйткені  осы бір құмарлықтың зардабын тартқан  жастар мен отбасылар бар.

Есірткіге тәуелділік  адам денсаулығына  зиянын тигізумен қатар, түрлі қылымыс  жасап айналасына да зиянын тигізуі әбден мүмкін. Тіптен  өмірді толық танымаған  жасөспірімдерді де осы жолға   итермелеп жатады.

           Есірткі  адманың  ішкі ағзасының толық жұмыс жасауына зиянын тигізіп, асқазан, ішек, жүрек тіптен тыс жолдарын зақымдап, қан айналымының бұзылу салдарына әкеледі. Осыдан соң  адам ағзасы осы бір заттқа  үйреніп тәуелділік пайда болады.  Бір-ақ мәрте пайдаланып көреміннің  соңы – тәуелділікке әкеліп, соңы қылмыспен не адам өлімімен аяқталып жатады.

             ХХІ ғасырда  адам  баласының   басына  төнген қауіпті  эпидемия – нашақорлық  қанатын  кең  жайды. Оның  ауқымды  мөлшері  әрлі – берлі  Қазақстан  арқылы  өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара  халге түседі.  Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

                  Кей балалар  темекі тартуды есею деп санайды. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді. Бірақ, олар  өз денсаулығына өздері зиян келтірушілер.  Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Темекінің соңы күндердің күнінде  осы есірткіге әкелмесіне кім кепіл? Сондықтан  бос уақытын қызықты  өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні де басқа да жаман әдеттерді  тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің жаман ортаға итермейсің.

         «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.». Біз бақытты ұрпақпыз. Ұлан-байтақ  жеріміз,  тәуелсіз еліміз бар. Осындай еркіндікте  тек қана жақсы  нәрселерді бойға жиып еркін қанат қақпаймыз, білім нәрімен сусындап  ел ағалары сияқты келелі істерге қадам баспаймыз?

Менің арманым  есірткісіз болашағы жарқын  достарыммен  ел мақтанышына айналу. 

Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
-Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп мен  өз эссемді аяқтаймын.

 

#УПНДПКЗО

 

 

                                                          Елеусіз Айша Бауыржанқызы

                                                            С.Лапин атындағы №261 орта мектептің

                                                          7Б сынып оқушысы

                                                          Қызылорда қаласы



Бөлісу: