Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Әлемдегі әлеуметтік мәселелердің ең ауыры әрі қай замманнан бері күн тәртібінен түспей келе жатқаны - есірткімен күрес және оның алдын алу.
Бүгін мен де осы мәселе туралы сіздерге айтып беремін.
Есірткіге тәуелділік жеке адамдардың көзссіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қаупі күннен - күнге күшейіп келе жатқан қауіпті дерт. Тіптен қазір бұл затты пайдаланушылар жасы жасарып бара да жатыр. Бұл қоғамдық тіптен әлемдік деңгейде дабыл қағатын дерт.
Күйбең тірліктің тауқыметін бір сәттік ләззат арқылы ұмытып, оны енді тағыда бастан кешіру жолында ондай адамдар ешнәрседен тайсалмайды. Ең ақырыдан өздерін жоғалтып алып жатады. Қандайда болмасын жаман әдеттің соңы тәуелділікке алып келеді, талайдың тағдырын лайлап, өмірін жалмаған бұл дерттің де түп тамыры осы тәуелділікте. Технологияның қарыштап дамыған шағында, есірткінің де түрі көбеюде, кәмпит не сағыз тектес синетикалық түрі де кең қолданысты. Бұл жастарымыздың осы жаман әдетке үйір болып бара жатқандығының көрінісі.
Жалпы қазақы салт пен дәстүрге бай, ұлттық тәрбиеден ажырамаған қоғамда ұлттық тәрбиенің бойына сіңіріп өссе жастар арасында бұндай жаман әдеттің белең алуы болмас еді. Заманның мың құбылған уақытында кей жастарымыз өтпелі кезеңді бастан кешіп немесе отбасы жылуының толыққанды болмау салдарынан өз - өздерін жоғалтып жатады. Міне осындай асау толқынмен тербеліп жүрген жасөспірімдеріміз осы дерттің құрығына ілініп жатады.
«Еліміздің ертеңін жалғар, шаңырығымның шаттығы болар ұрпағымның дені, діл сау боп өссін» - деген әр қазақ отбасы ұлттық тәрбиені ең бірінші өз бойына сіңрімен қатар, ұрағының да санасына тоқуы қажет. Сонда ғана келешегіміз кемелді болады. Өз баласының тәрбиесін мектептің не қоғамдық тәрбие беру орындарының мойындарын асып қоятын кей отбасының әрекеті өзекті өртейді. Қай қазақты көріп едіңіз, өз ұрпағының тәрбиесін өзгенің қолына берген?
Әрбір шаңырақта осындай адам баласына зиянын тигізетін әдеттерен аулақ болу керектігі туралы емен жарқын сырласып, әңгімелесіп тұрса артық болмас. «Тәрбие – отбасынан басталады» дегендей отбасынан алған тәрбиемізді өмірден алған тәжірибемізбен ұштастыра білсек, біз жастар кем болмас едік.
Есірткі туралы айтап болсам, тарихы өткен ғасыран басталған дерттің түпкі мақсаты адам баласының құмарлығын оята отырып, жымысқы ойларын жүзеге асырып, түрлі қылмыс жасауға итермелеу. Осы арқылы мол пайда тауып, оған бейкүнә жандардың тағдырын тәлкек ету арқыл қол жеткізу.
Есірткіні пайдаланудың соңы өз денсаулығыңды жоғалтумен қатар, ұрпағыңның түбіне балта шауып, жақын-жанашырларыңнан ажырау, ең сорақысы өз-өзіңді өлтіру. Сондықтан өз өміріңді нұрлы шуақыт етер тек өзің. Өз өмірің сенің қолыңда.
Жас ұрпақтың ертеңіне алаңдаған елімізде ақпарат құралдары, баспасөз құралдарымен қатар құзырлы оргондар қазір қаншама келелі істер атқарып жатыр және нашақорлықтың адам өміре қаншалықты зияндығымен тиізер зардабы туралы айтып та жатыр. Мектептерде, оқу орындарында тыңдалымдар да ұйымдастырылып жатыр. Жалпы қазіргі жастарға ненің зиян, ненің пайдалы екендігін білу еш қиынды туғызбайды. Тек саралап, елеп екшеп, тек пайдалысын ғана таңдай білсек болды. Ал, тағдырдың қиын соққысына ұшыраған достарымызды дер кезінде қиындықтың шыңырауынан шығарып алу жолын тиімді ұйымдастырсақ, бұл бір-бірімізге деген қолдау, ұлттық болмысымызды жоғалтпау жолындағы күресіміздің бірі.
Сондықтан мен баршаңызды бір-бірімізді қолдауға, бір-біріміздің қиындығымызды бөлісіп, жетістігімізге қуана біліп әрдайым бірлікте болуға шақырамын.
#УПНДПКЗО
Нұрғалиева Назым Русланқызы
Текей батыр Қарпықұлы атындағы
колледж студенті
Қызылорда қаласы