Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

« Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

    Есірткі деген сөзді естігеннен ақ денең түршігеді.Қазіргі таңда бұл нәрсе үлкен проблемаға айналуда.Бірақ біз бұның әрі қарай қанат жаюына жол бермеуіміз қажет деп есептеймін.Ғаламтор желісінде,теледидарда,көшеде ілініп тұрған баннерлерде есірткі жайлы жиі естимін,көремін бірақ дәл бұл біздің елімізде де орын алады деп ойламаппын.Тек шет елдік кинолардан көріп,естігенімді бізде де кездестіретінімді білмедім.Бұл тәуелділік біраз адамның отбасын,өмірін құртты.Өмір-бұл бізге берілген сый деп білемін.Осы өмірді керемет сүру біздің қолымызда.Бірақ өкініштісі кей адамдар қиындықтарға шыдамай,өмірді жеңілдету мақсатында есірткі атты өте жаман нәрсені қолданады.Есірткі бұл адамның санасын улайтын кішкентай ғана нәрсе соның өзінде қанша осыған тәуелді болып,өмірін қиятындар саны көп. 

   Адамдардың бір нәрсеге деген қызығушылығы неден туады?Әрине,ол затты бір рет болсын байқап көру.Тек бір рет,жәй ғана татып көремін  немесе басқалары сияқты мен де көрейінші деп өзін көндіріп,сол жаман есірткіні қолданады.Жәй ғана татып көргеннен кейін ол ағзаға еніп,тәуелділік тудырады.Адамдар соның жаман екенін біле тұра,қолданады.Есірткіні көбінесе жасөспірімдер мен өмірден түңіліп,өз-өзін таба алмай жандар тұтынады.Оны сатып,пайда тауып адамның санасын улап жүргендер де бар.Тек өзін ойлау мақсатында шарасыз күйде,тәуелділікке салынған адамды алдап,қолындағы бар ақшасын алу мақсатында пайдаланады.Өз өмірлерін жеңілдету мақсатында көп адамдар есірткіні пайдаланады,оны пайдаланып шынайы өмірді ұмытып сол есірткінің рақатына еніп жүреді.Басындағы проблемаларын есінен шығарады, бірақ проблемамен қатар өз отбасын,достарын,өзіне деген сыйластықты ұмытады.Есірткі-бұл санамен қатар ағзаны да улайтын дүние.Миға,ағзаға,бауыр секілді өмірге маңызы бар ішкі ағзаларға үлкен зиян тигізеді.Денаулыққа үлкен кері әсер беретін ол наша,арақ және темекі.Бұл ауруға жол ашатын басты заттар деп білемін.Наша-адамның санасын улайтын белсенді зат.Дүние жүзіндегі елдерді жайлаған бұл нашақорлықтың тамыры тереңінен жайылып келе жатыр.Бұл тәуелділік ауруына Қазақстан да шалдыққан.Уақыт өткен сайын асқынып барады.Бұның себебі неде?Менің ойымша жоқшылық,жұмыссыздық және қымбатшылық. Нашақорлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын бәріміз білеміз.Нашақорлыққа шалдыққан адам бұл аурудан жазылып кетуі екіталай.Әр адам өз өміріне жауапты.Осы өмірдің кереметін біліп,отбасы мен жақындарына көңіл бөліп өзін әрдайым бақытты сезінетін адам ешқашан нашақорлыққа салынбас еді.Денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден аулақ болғанымыз жөн.Қазіргі таңда шүкір денсаулықты күтіп ұстауға түрлі жағдайлар жасалған жейтін дәрумендерге толы жемістер мен таза ауада серуендеп жүретін арнайы алаңдар мен саябақтар бар.Әр  тұрғын үйлердің айналасында арнайы спорт кешендері мен жаттығу алаңдары салынған денімізді сау ұстау үшін де түрлі жағдайлар қарастырылған.Жақындарыңды қинап есірткіге салынғанша,спортпен айналысып салауатты өмір салтын ұстанып жақындарыңыздың көз қуанышына айналыңыз.

Біз Тәуелсіз,көк байрағымыз желбіреген елде өмір сүріп жатырмыз.Барлық тіршілік атаулының тілеуі бейбіт өмір және денсаулық.Денсаулығымызды күту,оны сау ұстау біздің қолымызда.Біз салауатты өмір салтын ұстануды жөн көреміз.Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу-біздің қолымызда өйткені біз елімізді сақтайтын таза,дені сау ұрпақ жалғастыратын қазақтың салауатты ұрпағымыз.«Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай,бізге аманат етіп қалдырған тәуелсіз мемлекетіміздің көк туын желбіретіп жүрейік,достар!Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыз айтпақшы:“Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”.Осы өмірімізге шүкіршілік етіп,жаман ойға салынбай денсаулығымыды күтейік!Есірткісіз өмір сондай ғажап.Денсаулық-зор байлық демекші бәрі өз қолымызда.

                                                                                        

                                                                          Жақсылық Арайлым Рақымжанқызы

                                        С.Толыбеков атындағы №3-IT-мектеп лицейінің 11 «А» сынып оқушысы

                                                                           Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы

                                                                                   #УПНДПКЗО



Бөлісу: