Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ сайысына

#УПНДПКЗО

 

 

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін!

 Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың "Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын" деген аталы сөзге айналған өлең жолдарын білмейтін адам кемде-кем. Шындығында, осы айтылған ұлағатты сөздің біз өмір сүріп отырған осы қоғамдағы тәрбиелік мәні өте зор.Тәрбие-тал бесіктен басталады.Өкінішке орай атa-аналардың тарапынан бала тәрбиесіне салғырттық пен немқұрайлық таныту,уақытында көңіл бөлмеудің салдарынан жас жеткіншектер бос уақыттарын тиімсіз, денсаулыққа зиян іс-әрекеттермен байланыстыруда. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелер, пікір-сайыстар, есірткіге қарсы бағыттағы плакаттар мен суреттер конкурстарын, викториналарды және басқа да іс-шараларды өткізуді көздеу қажет. Жастар-еліміздің ертеңгі жарқын болашағы десек, олар болашаққа саналы да салауатты, қажыр - қайраты мол, дені сау күйінде жету керек. 

Қазіргі таңда нашақорлық - әлем халқын алаңдатып отырған қауіпті кеселдің бірі. Біздің елімізде де шұғыл шешуді талап ететін өзекті мәселелер ішінде ел халқының денсаулығына және тұтастай алғанда, ұлттық қауіпсіздікке төнген жаһандық қатер ретінде нашақорлықтың және есірткі бизнесінің өсу проблемасы алдыңғы орындардың біріне шығып отыр. Жасөспірімдер, әйелдер мен кәмелетке толмағандар арасында есірткіге тәуелділер санының өсе түскені айрықша алаңдаушылық тудырып отыр. Нашақорлық - бұл есірткі заттарды қолдану салдарынан болатын ауру. 

“Денсаулық - зор байлық” дейді дана халқымыз. Денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз  өкінішті-ақ. Жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, спортпен айналысу денсаулықты жаксартады. Денсаулыққа немқұрайлы қарау - дұрыс емес. Салауатты ұрпақ – еліміздің ертеңгі болашағы. Ел болашағы жарқын болсын десек, жас ұрпақтың тәрбиесі мен тәліміне жайбарақат қарамауымыз керек. Олай болса, еліміздің әрбір жасы ел өмірінің тағдыры өздерінің қолында екенін жете түсінулері керек. Соны білген әр адам өзінің жанына спортты серік етулері қажет – ақ.          

Адамдарда спортпен айналысу нәтижесінде бұлшық еттер шынығады, қатаяды, нәтижесінде сымбатты да ширақ дене мүсіні, жеңіл де әдемі жақсы жүріс, көтеріңкі көңіл - күй пайда болады. Әр адам өз өміріне, денсаулығына жайбарақаттылық танытуы дұрыс емес. Өйткені, жайбарақаттылық - нашақорлықтың одақтасы екенін естен шығармайық, достар!

 

                                                                                     Серікбай Карима

             Қызылорда қаласы     

         №112 орта мектеп оқушысы



Бөлісу: