Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

«Бар әлемді жайлап алған нашақорлық жойылсын,
Алдымызға мақсат болып, тек жақсылық қойылсын!»

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін


Бүгінгі таңдағы өзекті мәселердің бірі ол жастардың есірткіге тәуелді болуы.
Есірткі грек тілінен аударғанда «естен айырылу» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш есірткіге перғауынның қызы тәуелді болған екен. Жәнеде ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.
Біздің елімізде есірткі пайдалануға қатаң түрде тиым салынады. Тиым салынған есірткі түрлері: гашиш, анаша, гераин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқалары. Есірткі заттарын пайдалану ми және орталық жүйке жүйесіне көп зиян келтіреді. Сондықтан, миға тәуелді ақыл - ой мен ерік-күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қалыпты мінез - құлықтарымен әрекеттен айырылады. Есірткіге тәуелді болған адамдар өте ашушаң болып айналасындағы жақын адамдарын танымайтындай халге түседі. Соңы суицид, зорлық-зомбылық, адам өлтіру, парақорлық сияқты қылмыстарға ұласып, орны толмас қайғыға әкеп соқтырады.
Бүкіл әлемді жайлаған нашақорлық дерті кеңінен жайылып, «Айықпас дертке» айналып барады. Ең сорақысы есірткіні қолданушылардың басым бөлігі жасөспірімдер. Олар «Бір рет қолданам ештеңе етпейді ғой!» деген оймен бастайды да, оған қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Ал есірткіге тәуелді адамды емдеу ұзақ, әрі қиын. Сол себепті «Есірткіден аулақ болыңдаршы» деп бүкіл әлемге үндеу жолдағым келеді.
Мен оқитын №212 мектеп гимназиясында үнемі нашақорлыққа қарсы сауалнамалар алынып, акциялар, сайыстар жүргізіліп отырады. Есімде бесінші сынып оқып жүргенімізде мектепте 5-7 сыныптар арасында «Есірткісіз болашаққа» тақырыбында өткізілген флешмоб сайысында I –ші орын иеленгенбіз. Жыл сайын психолог мұғалімдеріміз оқушылардан «Есірткінің зияны» тақырыбында сауалнама алады. Осы оқу жылының басында сынып жетекшіміздің ұйымдастыруымен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы » тақырыбында ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге құрметті қонақ ретінде Қызылорда қаласы ПБЖПҚбЮПБ УПИ полиция капитаны Секербек Балнұр Нұрқанатқызы шақырылды. Кездесу барысында полиция капитаны қаламызда қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында есірткі пайдаланудағы тәуелділік қаупі, себептері мен зияны, оның алдын алу өзекті мәселе болып отырғанын атап өтті. Балнұр Нұрқанатқызы өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Ия, нашақорлық - қоғам дерті. Онымен аянбай күресуіміз керек. Келешек ұрпақ салауатты өмір салтын ұстанып, өшер елдің емес, өсер елдің саналы азаматтары болғанын қалаймын.
Қорыта келе өз ойымды мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.
Есірткіге берілмей,
Надан болмай ерінбей
Жеңімізді түрейік,
Салауатты өмір сүрейік!


Қызылорда қаласындағы №212 мектеп гимназиясының 7 «Б» сынып оқушысы Сағатбек Раушан Абзалқызы
Қызылорда облысы #УПНДПКЗО



Бөлісу: