"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Отбасы – шағын мемлекет, тәрбие бастауы. Бала ұяда көрсе ұшқанда соны еді демекші, балаға ата-ананың да, мектептің деберер үлгілері көп. Бес жасқа дейін патшадай сыйла, он бес жасқа дейін құлша жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сырласу керек деген  өсиет ата- бабаларымыз тәрбиеге үлкен көңіл берген. Біз, мектеп оқушылары, ата-аналар тарыпынан, ұстаздарымыздың тарапынан берілген тәлім  тәрбиені бойымызға сіңіре білсек, жаман әдеттің шырмауына түсіп қалудан аулақ болар едік едік.

Иә, «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіме түсе кетті.

Ой – өрісі жетілмеген адам ішкі сезімін билей алмайтын сәби сияқты көрінеді.Жаман әдетке бой алдырғанын жастық желікпен, сезбей қалып жатады кейбір жастарымыз. Нашақорлыққа, есірткіге әуестік көбінесе жастар арасында орын алатыны сондықтан. Нашақорлықтың құрығына әркім әр түрлі себеппен түседі. Біреу барлықтың буымен келеді, біреулері  басына түскен ауыртпалықты, отбасындағы жайсыз жағдайларды  осы жолмен «жеңеді», оның ең сорақысы –алаяқтар оң-солын танып білмеген жастарды өз мақсатына пайдаланып, есірткі қолдануға  итермелейді. Ана сүті аузынан кетпеген уыздай боз балалар «бір тартқаннан ештеңе бола қоймағанына» көзі жеткен соң басын арашалай алмай қалатынын алғашында, сезбейде қалады.

Ал есірткінің адам өміріне, одан кейін қоғамға тигізер зияны өте көп. Ол ең алдымен жүйке жүйесіне әсер ететіндіктен, психикалық ауруға әкеп соқтыратыны анық. Соның салдарынан жасөспірім боз балалар әр түрлі  қылмысқа барады. Қоғамда зорлық-зомбылық, суицид, кісі тонау, өлтіру деректері өте көп. Есірткіден ешқашан, ешқандай пайда келмейтіні анық . Өкінішке орай, бүгінде осы мақсаттағы сұрқия тірлікті адамдардың асығы алшысынан түсіп жүргені жасырын емес.

Ұстаздарымыз және ата-аналарымыз біздің жаман әдетке бой алдырмауымыз үшін есірткінің салдары туралы үнемі айтып отырады, оның опа бермейтіні туралы ұқтырып, нақты мысалдар келтіріп отырады. Бос уақытымызды қалай, кіммен өткізетінімізді ата-аналарымыз назардан тыс қалдырмай бақылауда ұстайды. Мектебімізде ұстаздарымыз және медбике апайларымыздың ұйымдастыруымен үнемі нашақорлыққа қарсы іс-шаралар, акциялар тәрбие сағаттар  өткізіліп, нашақорлық туралы сауалнамалар алынып отырады. «Спорт –денсаулық кепілі» дейді, салауатты өмір салтын ұстанған адамның зиянды әрекетке ешқашан бариайтыны анық. Сонымен қатар мектебімізде уақытымызды тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шаралар сайыстар  ұйымдастырылып отырады.Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз- ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік, достар!“ «Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!» дегім келеді.

                                                                 І#УПНДПКЗО

                                                                 Байқоңыр қаласы  №275 орта мектеп

                                                                 Қазиева Нурайым 7 «Ә» сыныбы



Бөлісу: