Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Қызылорда ОІІД  ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысына

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Денсаулық - адам өміріндегі ең басты, құнды, қайталанбас байлық. Бірақ, оны кейбір адамдар сақтай да, бағалай да алмайды. Халқымыз "Сақтансаң, сақтайды" деп бекер айтпайды. Қазіргі біз секілді жас жеткіншектеріміз тал шыбықтай майысқақ, жел қайда соқса, сол жаққа қарай иіледі. Тіпті оны ата-аналары да байқамай жатады. 

Қоғамымыздағы адамдарды түбегейлі өзгертетін өзекті мәселелер: ішімдікке салыну, нашақорлық, темекі шегу, сол секілді тағы да басқа әдеттер. Осы мәселелердің ішінде мен саған нашақорлық, яғни есірткі ұғымы жайлы айтамын. 

Есірткі нейромедтердің ағынымен 5-10-ға дейін миды уландырады. Бұл есірткі ұғымы Қазақстан Республикасында қолданысқа енгізілмеген, демек, заңсыз. Ал, керісінше, Америка Құрама Штаттарында, Канада, Бельгия, Чехия елдерінде есірткіні дәрілік тұрпатта қолдануға бірқатар рұқсат етілген. Сингапур, Иран елдеріндегі адамдар есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесіледі. Ал, Ұлыбритания, Ирландия елдерінде өмір бақи бас бостандығынан айырылады. Бізде Қазақстан Республикасының Құқықтық кодексінің 250-266-баптары бойынша ауыр жазаға тартылады.

 Келешегіміз жарқын болу үшін ішімдікке салыну, нашақорлық секілді әдеттерден аулақ болайық. Сонда ғана өміріміз мәнді де сәнді, болашағымыз жарқын болады. Мен соған кәміл сенемін. Өз өміріміз өз қолымызда.

АЛМАТ АРАЙЛЫМ

Қызылорда қаласы №271 орта мектептің

5 "Б" сынып оқушысы



Бөлісу: