«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»
жеке
блог

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»

Жақсылыққа жетем десең,қолыңда,

Бар жақсылық жақсы адамның жолында.

Жаман болып тумайды ешкім анадан,

Жаман адам қайдан шыққан соңында?

Осы бір жыр шумақтарын оқи отырып, адамның «жақсы» не «жаман» болуы, оның сыртқы келбетіне, жүріс-тұрысына, киім киісіне емес, қоғамдағы «жақсы» және «жаман» әдеттерге үйірсектігінен байқалады деп ойлаймын.

Сондай адами жаман мініңді айқындайтын зиянды әрекеттердің бірегейі , ғасыр індетіне айналған – нашақорлық.Қазіргі кезде ,әсіресе,жасөспірімдер арасында темекі шегу, нашақорлыққа әуестік,маскүнемдікке салыну белең алып отыр.Оларға қарсы күрес жүргізу ел болып қолға алар негізгі мәселенің біріне айналғаны анық.Мен өзім қоршаған ортам мен жақын достарымның арасында бұндай келеңсіз оқиғаларға кезікпегеніме қуанамын.Денсаулық-таптырмас бақыт.Онсыз да түрлі экологиялық апаттар мен табиғаттың тылсым таңғажайыптары өршіп тұрған заманда есірткінің қажеттілігі қанша? Сонда да болса ғасырдың алапат індеті саналған есірткі туралы айта кетсем.

Есірткі ежелден адамзат баласына оңай және тез тәуелділікке душар етіп, организмге зиян әкелетін зат ретінде белгілі болған. Ежелгі мысырлықтар апиынды б.э.д. 1600 жылы балалар мен ересектерге тыныштандырушы зат ретінде қолданған. Ежелгі гректер қайғы-қасіретті ұмыттыру мақсатында және ауыр хәлдегі науқастарға ұйқтататын дәрі деп пайдаланған. 1803 жылы неміс химигі Ф.Сертюнер апиыннен алғашқы алколоиды болып алып, грек ұйқы құдайы Морфей атына –

”морфин” деп атаған. 1898 жыл Дессер морфиннен химиялық жолмен героинды бөліп алды. Алғашқы кезде героин морфинизмды емдеу үшін қолданылды.

Ал бүгінгі таңда қолданушылар есірткіні дәрі ретінде емес, көңіл-күйді сергітетін, түрлі күйзелістен құтқаратын,барлық «жамандықтың» бетін қайтаратын «бақыт дозасы» деп қабылдайды.Бірақ сол аз ғана сәттік «бақыт дозасы» арқылы өміріне балта шауып,келешегін күйретіп жатқанын түсінбейді.

Есірткі- адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын аса қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратып, қолданған пендесін онсыз өмір сүре алмайтын бейшара халге жеткізеді.

Арнайы есірткі заттары тізіміне енгендер: - кең тараған апиын, героин, кокаин, анаша (гашиш, марихуана): лизергин қышқылы, мескалин, псилоцибин. Есірткіге жатпайтын, бірақ әдеттену (тәуелділік) туғызатын заттар: - ішімдік заттары. - ұйықтатын және тыныштандыратын, ауруды басатын, психотроптық дәрілер (диазепам, реланиум, фенобарбитал, т.б.). - психостимуляторлар (экстази, эфедрон, фенамин, кофеин, амфетамин т.б.) - галюциногендер - циклодол, астматол, димедрол және т. б. - ұшпалы заттар бензин, толуол ( тұрмыстық химия өнімдері - желім, лак, бояу, оларды еріткіштер, хлорофос, дихлофос, аяқ киім майлары); - темекі (насыбай) жатады

Адам өміріне қауіпті осы бір зиянды заттарды айта берсең таусылмайтын ұзақ жыр мен мұң. Қазақ ғана емес ,бүкіл ұлт пен ұлыстың жанына түскен бітпес «жарасы» есірткі туралы баспасөз бен теледидар бетінде арнайы бағдарламалық уақыт пен бөлім болса деп армандаймын.

Қорытындылай келе,зиянды заттардың әлегі мен шәлегі жөнінде барлық халық болып бірігіп, осы аурудың алдын алуымыз керек.Ел болып өткізілген әртүрлі қызықты іс-шаралар нәтижесінде жастар мен есірткіні қолданушыларды «Есірткіге қарсымыз!» дейтін дәрежеге жеткізуі қажет. Бұл армандардың орындалуына ел басындағы шенділер, дәрігерлер, мұғалімдер, мектеп пен жанұяның бірлесе атсалысуының пайдасы шексіз..

Тулепбергенов Бекзат Кайратович,

№ 273 орта мектеп, 9 «Ә» сынып оқушысы,

Байқоңыр қаласы.