"Мен Персил Автоматиктей атақты болғым келеді" В.Б.
блог
Гаудидің салған үйінің сувенир дүкенінен осы бір кітапты көріп қалып, қасынан өтіп кете алмадым. Алдымен мені кітаптың аты қызықтырса, екіншіден оның мұқабасы, ішіндегі суреттері қызықтырып әкетті. Әлемдік бестселлердің авторы көптеген компанияларда (Бритиш Эйруэйстан бастап, БМВ, Форд, Нестле, Левис, т.б.) жарнама бөлімінде істеген, "креатив генийі" атанған Пол Арден.
Креатив адамның қолтаңбасы кітаптың версткасына дейін білініп тұр. Оқуға өте жеңіл, өте қызық болып шықты. Меніңше бұл кітап бір оқып қоя салатын емес, қайта-қайта оқуда жалықтырмайтын, әрдайым басқаша қабылданатын кітап. Өз басым кітаптан көптеген идеялар мен шабыт алғандай болдым. Соның бірін келтіре кетейін.
Армандау жайлы ол есімі бәрімізге таныс Виктория Бэкхемді мысалға келтіреді. Виктория жас кезінде өзінің таныстарының арасында ғана танымал болуды немесе атақты әншіге айналуды армандамаған. Ол өзінің есімін әлемдік брендке айналдыруды армандапты.
Бір қызығы ол Джордж Майкл не Марайя Кэридей болуға тырыспай, өз есімін "Персил Автоматик"-тің атағындай болса екен депті.