Мен оралам....

Бəрін кештім
Өмірде мынау жалған сағым бес күн,
Дəл мендей ұға алмайды-ау жаныңды ешкім....
Соққы боп тым батты білем сол саған...

Иә, "мен оралам" деп айтқым келіп кетті. Қатты сағындым. Жәй... ортаны, өзімді сағындым. Ренішіммен бірге жоғалып бара жатқанымды сездім... Кинолар туралы жазған постымнан "тек осы ма?" деген пікірлерді оқып қалып ұялдым. Иә, блогер ретінде өзімді ұмытып барады екем. Екі ай бойы өз көңілімнен шығатын блог жазбаппын. Сағындым блогымды. 

Мейлі, елдер сияқты қыруар қаржы таппасам да, мейлі елдер сияқты танымал болып кетпесем де мен блог жазуды жақсы көрем. Себебі, қалаған нәрсемді жазам. Айтам, ойланам, ізденем....

Солай, менен енді құтылу сіздерге қиын шығар. Себебі мен массагеттің блогерімін. Ел мойындамаса да өзіме солай!  

Айтпақшы, Сыр қызы мен сені жақсы көрем ;). Өзгеріп кетпеші иа. 



Бөлісу: