Мен Мұңды сүйем...

Мен Мұңды сүйем...
жеке
блог

Мен мұңды сүйем.

Өйткені гүл орнына мұң сый еттің,

Жел қуған жапырағымын қыркүйектің

Арамыз толысты да

Жоқ, әлде сезімдер соғысы ма,

Қайтуға құс ұшқанда,

Әйтеуір, махаббат тоғысында

Сен мені қоса ұштың

Қалдырып жанына мұң жиектің.

 

Содан бері

Сенен алған хабарым да сирек тым,

Нені үйрендім, кімге сүюді үйреттім.

Кей сәттерде жанарымнан жарқыл атып қуансам -

Жатырқадым бақытымды, шын күлкіні сүймеппін.

Содан бері, содан бері мұң жастығын құшақтап,

Содан бері жалғыздықтың жоқ шанасын сүйреттім.

 

Мен мұңды сүйем.

Сенен алған мұң болды еншім менің,

Қызықтауға жетпесін, жетсін демім

Ендігісін қалдыр да бір өзіме

Сонау күнгі күздің сұрғылт кезінде,

Құстарменен алып ұшқан Есілге,

Мұңыңды ертіп алып кет те өзіңмен

Бақытымды кері қайтар өзіме.

 

Мен мұңды сүйем.

Маған тартқан мұң еді сенің сыйың.

Содан бері құлыпқа түсіп жүрек,

Сезіміне өзгенің салдым тыйым.

Жапонның басқарылған роботындай

Бағыныш боп қалған ба, қалай миым?...

Сені ғана ойлаймын ешкім жоқтай,

Жат болғандай жайына қалды үйім.

Мына шексіз ғаламда өзің ғана

Билеушім де сен болдың, әділ биім.

Сұрағанға сұраумен жауап бердім,

Мен, әйтеуір, себепсіз сені сүйдім.

 

Ой толқыны тербеген теңіздейін,

Білсең деймін ендігі мендік түйін.

Төзе аламын, көрінсе қанша қиын

Күз ғана емес, босатып төрт мезгілде

Құс жолымен самғай ғой, мәңгі қидым.

Қайығымды бұрам да өзге арнаға,

Ескегі боп адалдың есілейін.

Роботтың махаббатын қаламаймын,

Тек адамша келеді енді сүйгім....