"МЕН" менмін немесе МЕҢМЕНмін....
блог
...Байқап қарасақ жанымызда жүрген адамдардың барлығы жақсы көрінеді,ал шынымен де байқа-а-ап қарасақ жақсы жандардың аздығы сезіледі.Жақсы адам деген кім?Бірде-бір минусы жоқ адам.Өмірден дәл ондай адамды таба алмайсың,ең жақсы адам дегеннің өзінде міндетті түрде бір кемшін тұстары болады.Ал жаман адамдарды жаман дей берсең жамандықтан көз ашпай,баяғы жартас сол жартас күйінде қалып қояды,сол жамандардың да тым болмағанда бір жақсылығы болады.Дүниені қарама-қарсы материядан жаратқаны секілді жақсы мен жаманның болатыны заңдылық.Кез-келген адамның бойында "мен..." дейтін рухты сезім болатыны хақ.Алайда "мені" артық кететін "Мендер" де қаншама.Жанымда жүрген адамдардың ішінде "мен,мен"-дер көп-ақ.Жұрттың сөзін елемей,өзінің дегенін қылатын адамдардың түйсігінде атақ,даңқ,абырой,мансап,билік жататыны айтпаса да түсінікті.Әрбір адам атақты болғысы келеді,билік құрғанды қалайды,бірақ та үлкен іске жетем деп өзін жоғалтып алатын "мен"-дердің өмірі мен үшін аянышты...Қоғам әр түрлі таптан тұрады,тарихтан оқып жүргеніміздей ертедегі адамдар топтасып тіршілік еткен,ал бүгінгі саналы адамдар қатарында топ ішінен жеке топ болып шығатын "Мендер"-ге не жетпейтінін түсінбеймін.Өзге адамдармен санаспай шешім қабылдайтын,жеме-жемге келгенде қарақан басын ойлайтын "Мендерге" арнап екі шумақ өлең арнадым:
Мен!
Мен!
Мендер көп «мен,мен» дейтін,
Өзгелер ондайларды «меңмен» дейтін
Өзін ғана ойлайтын өңкей «мендер»-
адамдар ғой еш уақытта өзгермейтін
«Сенінен» "мені" басым "Мендер" қаптап,
Өзіне іс қылады шақтап-шақтап,
«Өзім-өзім» дейтіндер бұл фәниден
«Өзімменен» не таппақ?Не жоғалтпақ?