Мен менмен емеспін. Кім қалай ойласа да. Мен туралы ойламайтындарыңыз да көп қой.
Шығармашылықты арқау еткен, өзінің төл тумасын қай жерде, қай уақытта болмасын, тықпалай беретіндердің де қатарында емеспін. Өмір шығармашылықпен біртұтас емес. Көшедегі адамды кейіпкер ретінде я болмаса образ ретінде қабылдамаймын. Адам ба – адам. Өмір сүру салты, мінезі, қасиеттері... Мұның барлығы да таныстықтан, қарым-қатынастан кейін ғана белгілі болады. Адам туралы асығыс тұжырым жасаудың қаншалықты қате екенін сезуіміз керек.
«Қойныңда жатқан қатынға сенбе». Ұлық сөз. 20 жыл бойы некеде болып келген адамдар да бір бірінің қандай адам екенін білмеуі мүмкін, демек.
Ақымақтың ісі – әйтеуір айта салу. Шын-өтірігін фильтрлемей-ақ қоюға болады. Бірыңғай ақымақ не ақылды адам болмайды. Мінсіздің міні көрінген тұстарды айтпай-ақ қоялық. Бірақ мұндай жағдай көп болады.
Бір ән бар еді ғой, әлгі... і... «мен жайында сұрамашы біреуден». Әннің әуені жақсы. Бірақ жаттанды емес. Оны құлақтарға, жүректерге жеткізгені де осы – терең мағынасы.
Қыз бен жігіт, ойында бірдеңе болса оны айтуға қорқады. Іштен тынады. Ең үлкен трагедия да осы. Бірақ ешқайсымыз мұны білмегендей күй кешеміз. Өксікті ішке тығамыз. Сезіп-сезбеген дүниені бесігінен белін қатайтпай біттіге санаймыз. Өкініш-ай...
Түсінбеген шығарсыз. Оған кешірім де сұрамаймын!