Мен əлі жарқ етемін!

Мен əлі жарқ етемін!
жеке
блог

Қараңғылық орнаған сəт,

Келемін мен адымдап.

Күн батты ма,түн болды ма,

Аңғармаймын күн санап.

Жұлдыздар да жоқ аспанда,

Сəуле шашпас ай мұнда.

Ұзын жолмен келемін мен,

Қараңғылық қойнында.

"Шырақ ұстап шығар ма",-деп,

Қарайлаймын маңыма.

Таба алмадым ешбір жарық,

Артта қалды шаңым да.

Кенет...

Жарқылдады əлсін-əлсін,

Жалғыз жұлдыз аспанда.

Жанарымда жанды жалын,

Нұр шашылды жолыма.

Баяу басқан қадамым,

Жүгіруге айналды.

Əлсін жанған жалғыз жұлдыз,

Оттай болып лауланды.

Мақсат еттім сол жұлдыздай,

ЖАРҚ етуді əп-сəтте,

Кедергілер шықса-дағы,

Жүріп келем(-ін) əлі де.

 

27.09.2017/20:09