Мен қызық деп тапқан 10 кітап
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек». Бұл туындыны мен бірінші орынға қойып отырған себебім мазмұны сонау ғасырлардан бері түйінін таппаған қазақ қыздарының тағдырына арналған. Азап көрген Ақбілектің аянышты тағдыры оқырмандарының жүрегін елжіретпей қоймайды. Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар». Бұл туынды ақылына көркі сай Скарлетт О Хара өмірінен сыр шертеді. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан». Бұл шығармасында шебер ақынымыз Ұлпан мен Есеней арасындағы таза, кіршіксіз махаббатты суреттейді. Олардың жас аралығы қанша екенін сіз білесіз бе? Лев Толстой «Соғыс пен бейбітшілік». Романның тілі ауыр емес. Керемет туынды. Мен оқып отырып Кутузовты емес Наполеон Бонопартты жақтадым. Бұл менің шығарма құрылымына еніп кеткенімнен болар) Ілияс Есенберлин «Көшпенділер». Қазағымның тарихынан кеңінен сыр шертетін трилогия. Мен үшін оқуға қиын тиген «Қаһар» атты бөлімі болды. Николас Спаркс «Дневник памяти». Екі жастың арасындағы махаббат туралы кітап. Осы кітап желісімен түсірілген киноны сіз көрдіңіз бе? Дихан Әбілев «Арман жолында». Бұл кітап қазақтың жас кеткен ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров жайында жазылған. Оның Мәликеге қол жеткізе алмаған махаббат хикаясы да айтылады. Гоголь «Өлі жандар». Өте керемет туынды. Терең ойға батыратындығымен мен үшін ерекше туынды. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі». «Жусан иісін» оқығанда балалық шағыңызға саяхаттағандай боласыз. Алғашқы махаббат суреттерін көз алдыңызға әкеліп, сағыныш сезімдерін оята білген туынды. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық - мол жылдар». Әрине, бұл кітапты оқымағандар кем де кем шығар.
Мені ерекше әсерге бөлеген кітаптар міне, осылар. Ал сіз соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?