Мен күткен романтика
блог
Тәәәк, ол маған әдддемі киініп келіп, айлы аспан астында «мәңгілік жарым болшы» деп сөз айтады. Қолында жүзік. Арзаны емес. Маған ұсынып тұр. Тағы бір құшақ гүлі де бар. Тағы, тағы... Болды, сол жетеді. Мен бақыттан басым айналардай күй кешіп, «жарайды» дей салмай үнсіз біраз тұрам. Бірақ менің ішім, менің жүрегім оған баяғыдааааа «жарайды, жарайды, ия, ия» деп жауап беріп қойған. Мен бірден жауабын айтсам ба екен, жоқ әлде біраз ойлануға уақыт сұрайын ба? Қойш, айта салайыншы. «ЖАРАЙДЫ»... Ол мені көтеріп алады. Енді оның қолындағы қымбат жүзік те, қолындағы бір құшақ гүлі де менікі. Оны қойшы, дүниесі құрсын. Бастысы – ол, ия, менің сүйгенім, ОЛ МЕНІКІ.
Ол маған енді күндегіден де көп хабарласады. Ұйқы бермей менімен ғана сөйлескісі келе береді. Күн сайын сабақтан күтіп алып, гүл береді. Кафеге отырғызады. Қойшы, бірақ, керек емес. Мен оның көзінше тамақтануға біртүрлі ұялам. Алдымдағы асты жегііііім кеп тұрса да тойып отырған түр жасаймын. Одан да құйылмалы балмұздақ алып, саябақта серуендейміз. Қандай жаңа кино шықсы соның біз ең алғашқы көрермені боламыз.
Ол бір күні мені туыстарымен таныстырғысы келеді. Менің де туыстарыммен және ата-анаммен жолығып қолымды сұрағысы келеді. Мен оның туыстарымен танысам. Оларға қатттттты ұнап қалам. Бірақ оны өз ата-анаммен таныстыруға ұялам. Сонда да таныстырам. Олар оны қаттттты ұнатып қалады.
Ол маған бір күні әдддддемі боп, әдддддемі сырға комплектісімен алып кеп, әдддддемі жол-жоралғысымен Жаскешуіме келіп маған сырға салады. Бәрі тамаша өтеді. Қанша қимаса да қонақ қып күтіп жүрген қыздарын әке-шешем күйеубалдарына тапсырады.
Сосын оның үйіне барам. Бәрінде керемет көңіл-күй. Беташар болады. Үйлену той өтеді. Шымылдықтың ішінде әддддемі келін боп отырамын. Мә, бәрінен бұрын шай құюдан қорқам. Тойыс, ұялам.
Сосын өмір әріқарай жылжи береді. Біз бақытты жаняның іргесін қалап бақытты өмір сүре береміз. Көп бала-шағамыз болады.....
Бұл менің қыз кезімдегі түнде ойлап жататын арманым еді... Қыздар, сендер де осы ойдың ар жақ, бер жағында жүрген шығарсыңдар. Ия, біз қыз кезімізде тек жақсы жақтарын ғана ойлаймыз. Бірақ ойлағанымыздың бәрі орындала бермейді екен. Мені Алла дәл осылай бағымды ашпаса да айналдырып әкеп бәрібір бақытты етті.
Ол маған жоғарыдағыдай сөз айтпады. Ондай романтиканы түсімде көрген щығармын. Әлде кинодан көрдім ба екен?.. Ол маған мені бір күні алып кететінін, және соған қашан да дайын жүруімді ғана ескертіп жүретін. Мен де оған күйеуге шығатынымды білдім. Бір күні бұйрық келді. Ол үйіңнен шық деді, мен шықтым. Жүр деді, артынан ере бердім. Өйткені сүйдім. Оның да сүйетінін, мені бақытты ететінін, жылатпайтынын білдім. Болашағымды сонымен елестеттім. Қазір мен сол кездегі армандағаннан да бақыттымын. Әдддддемі романтика болған жоқ бізде түк. Жүзік те сыйланбады. Анау айтқандай гүл де ұсынбады. Жүрегін ғана ұсынды. Соны қанағат тұттым. Қазір отбасылық өмірдің ыстық-суығын қатар көріп келеміз. Бердібек деген АЛЛА бере салған ұлымыз бар. Махаббатымыздың жемісі де, жеңісі де сол.
Оппа, сендермен өсек соғыыыып отқанда ол да оянып қалды... Тезірек бесіктен шешіg алмасам, әддддемі мінезін көрсетеді ))))