Мен көзбін
блог
Сәлеметсіздер ме? Мен - көзбін. ИЯ, ия көзбін! Сіздерге өмірімнің бір күні жайлы айта кеткім келіп тұр.
Бүгін сағат 09:00 де ояндым. Ием әдетінше мені аша сала, телефонын қолына алды. Кешегі шаршағаным аздай, таң атар атпастан, мені тағы әуреледі. Әрине, бұл менің міндетім екенін жақсы білемін, десе де, ұялы телефонның зиянын біле тұра, менің қаншалықты маңызды екенімді біле тұра, осылай ететіні ызамды келтіреді.
Айтпақшы, кеше мен сондай сұлу көзді көрдім. Эх, ол неткен әдемі еді. Жүрекке дабыл қақтым. Ол да ақылды, бірден жауап қатып, иемізді біраз әуреледік. Бұдан не шығары әлі белгісіз, барлығын уақыт көрсетер. Алдыңғы жолғыдай, бауыр қиналып қалмаса болғаны.
Ием 11:15 болғанда әйтеуір тұрды-ау орнынан. Айтқандай, бүгін жексенбі. Сол себепті, күннің көзін көруім екіталай. Мені аштырмай, біраз қинағанымен жақсы көремін оны. Оның әдемілігіне бұл әлемде ешқандай сұлулық жетпесі анық. Жуынып, шайынып, таңғы асын теледидардың алдында ішті.
-Ой, бұл не? Таң атпастан, осындай нәрсе көрсетуге бола ма екен? Ауыстыр арнаны! Дереу!
-Неткен көз қуантар қыздар еді!
-Қойшы, сен әзілдеп отырсың ба? Қайда қуантар нәрсе? Мен үшін сөйлеуді қашан қоясыңдар осы?!
Теледидарды сөндіріп, газет оқи бастады. Еее, бұның жөн-ақ!
-Күнтізбенің қызыл жолағының қозғалмағанына біраз уақыт болыпты-ау. Қарашы, бүгін жексенбі ғой. Ал, күнтізбеге сенер болсақ, онда бүгін - сейсенбі! Саған жұмыс күндері ұнамайды ғой, ауыстырып қойсаңшы! Міне, енді дұрыс, қане тұра ғой!
19 қараша? Бүгін менің жарық дүниемен танысқан күнім ғой! Әлемдегі ең сұлу әйелдің бейнесін көрген..
Эх... Оның жүзін соңғы рет қашан көргенім есімде де жоқ... Менің ием оны ренжіткелі...
Жалпы, өткен жылғы туған күн кешінен кейін, тойлауды енді қаламас едім. Толықтай қызарып, қалай ауырғанымды айтып жеткізе алмаймын. Ол кезде біз таңғы 6-да жатқан болатынбыз ұйқыға. Негізі, менің ием көптеген адамдармен ұрысып қалған. Сол себепті, бұл жыл тойлаусыз өтуі әбден мүмкін.
Айтқанымдай-ақ болды! Күні бойы үйден шықпай, теледидар көрдік, одан қалса телефонға телміріп, бір күнді тағы да босқа өлтірді. Түнде ноутбукпен қорқынышты фильм көрмек болып шешті. Ғаламтордан іздеп отырып, ең қорқыныштысын тауып алды. Жүректі аяп кеткенім-ай, соғысы жиілеп, алай-дүлей күй кешті. Ием қатты қорыққан кездері мені алақанымен жауып қояды. Өй, сужүрек! (Мұны айтқанымды жүрек естімесін! Ашуланып қалып жүрер. Ол ашуланса жаман, нерв тамырларын іске қосып жібереді)
Менің бұл әңгімем сіздерге қызық болды деп үміттенемін. Біздің адамдар өміріндегі маңыздылығымызды айтпасақ та түсінікті шығар! Көздеріңізді қадірлеңіздер!