Мен көзбін
блог
"Мен – туристер көптеп келетін, әлемдегі ең көрнекі жерлердің бірімін. Өзім қала арқылы ағатын өзен жағасында орналасқанмын. Жаңа мыңжылдық қарсаңында ресми түрде ашылдым, содан бері жыл сайын жаңажылдық отшашу рәсімі менің айналамда өтеді. Келушілердің игіліне 2000 жылдың 9-шы наурызынан бастап қызмет етіп келемін. Бойым 135 м, мұндай биіктіктен күн ашық кезде қаланың әдемі жерлерін ғана емес, сондай-ақ, жақын орналасқан жеті мемлекетті де көзіңіз шалып қалуы мүмкін. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алауын да қабылдағанмын. Қазіргі таңда өзім орналасқан қаланың заманауи символына айналып үлгердім. Ең бастысы, мен көзбін, осы қаланың көзімін.
Сөзімде «мен», «менің» деген сөз көп болса, айып етпеңіз, өйткені мен ағылшындықпын."
Өзін «көзбін» деп атаған бұл қандай танымал орын?
Жауап нұсқалары:
a) London Eye
b) Millennium Wheel
c) Екі жауап та дұрыс
P.S. Осы көрнекі жердің атынан кішігірім сипаттама жазып, Paint-пен оның суретін салуға тырысқан мен де көзбін, дәлірек айтсам Ботагөзбін. Ал мына төмендегі белгі – Массагет оқырмандары үшін арнайы өзім дайындаған эксклюзивті авторлық таңбам.