Мен көрмеген соғыс...

Мен көрмеген соғыс...
жеке
блог

-Ат! Өлтір! Құрт көздерін! Бәрін... –Майор берген бұйрықтан соң, ойланбастан жауымызды қыра жөнелдік. Олар да шайқас үстінде біздің біраз жігіттерімізді жер жастандырған еді. Майданда бізді ел ұмытса да, біз елімізді, үйімізді еш ұмытпадық. Тіпті, қарша бораған оқ астында жартылай тірі жүрсек те, адамгершілік қасиет-қағидалардан аттамаушы едік. Мұндағы сарбаздар ауруын жасыратын. Ауыр дертке шалдықса да, соғыс алаңында алға ұмтылушы еді. Бұл соғысты енді ешбір адам баласы көрмесін деп армандайтынбыз. Жеңіске жетіп, елге оралдық. Ел іші... Өз көзімізге өзіміз сенбедік. Көз алдымызда бауырларымыз қырылып, өліп жатты. Қаншама қарындастарды қорлап-зорлап жатты. Қанды қырғын соғыста көрмеген сатқындықты, айуандықты, қиянатшылықты біз осында көрдік. Майданда қаза болғандарды аяған едік, онымыз бекер екен... Жігіттердің көз жанарларына қарап едім, өкінішті көрдім. Менің де жүрегімді өкініш жұлмалады, жұлқылады... Тірі келгенімізге қатты өкіндік. Бұл – мен көрмеген, тіпті, майданнан келгеннен біз үшін біз көрмеген соғыс еді.