Мен көрдім оны (оларды)

- Сенің әлеміңде күлкін, алқызыл түсті, басында мүйізі бар понилар бар шығар.

- (жәй ғана жымидым.) Жоқ, менің әлемімде шәйдай ашық аспан, көкпеңбек, мөп-мөлдір теңіз бар. Сосын, сосын ол жерде тек Мейрамбектің әндері орындалып тұрады.

-Ондай әдемі жерге, мұңлы Мейрамбектің әні келмейд-ау...

- Есің дұрыс па? Ол – Мейрамбек қой. Мұңлы дейсің бе? Неге Мейрамбек ағаның көңілді әндері де бар ғой?

- Білмеймін, мен тек «жылауық» әндерін естіппін.

- Ренжіме, жылауық әндерді басқа әнші айтады. Мейрамбек- жүректің әншісі. Тура сенің тамырыңды басып тұрып орындайды. «Түнгі аспан жасын селдетеді...» Ол ән айтқанда орныңнан тұрып кетпеу, тамсанбау, жүрегіңнің қозғалмауы мүмкін емес.

-Қойш, а? Сен-ақ  қуады екенсің? Ал, МузАрт ше?

-МузАрт?! Ол мүлдем бөлек әңгіме. Мен айтсам сенбейтін шығарсың. 2008 –жылы қойған концерттерін теледидардан 20 реттен артық көріппін. 2010,2011,2014 жылғы концерттерін 15 реттен, Мейрамбек ағаның жеке концертін 10 шақты рет қарадым.

- Жалықпайсың ба?

- Жалыққаны несі? Мен әр  концерттерін тік тұрып қараймын. Папам бар кезде ғана, отырып тыңдауға мәжбүрмін...

- Сендей болу қиын шығар?

- Неге? МузАрттың фанаттарының бәрі сондай. Оларды осыншалық тебіренткен – МузАртқа деген шексіз махаббат. Өйткені, МузАрттың дауысы жанды, сөзі мәнді, әр әні тұнып тұрған бір концерт. Олар сондықтан да  жылына «елдер» сияқты 4-5 ән жаздырмайды.

- Бір әнді, 1 жыл тыңдау сұмдық қой?

- Біз барлық әндерін шыққан уақытынан бері тыңдап келе жатырмыз.  1жыл емес, 5 жыл емес, 1 ғасыр тыңдауға бармыз)

-Осындай фанаттары бар МузАрттықтар бақытты. Бірақ, сендерді көрмейді де, естімейді де ғой?!

-Жоооқ. Ағалар, әр әнін халық үшін, жанкүйер үшін шырқайды. Желілерде, концерттерінде әрдайым фанаттарына рақмет айтады.

-Ммм. Мейрамбекті көріпсің ғой? Арманың орындалған болар. Ендігі мақсатың ше? Бірге фотоға түсу ме?

- Иә, көрдім. Тура қол созым жерде тұұрып ән айтты. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Ендігісі, МузАрт концертінде «Есіңе алды» көрермендермен қосылып шырқағанда, залдың бір бұрышында отырып, қосылып айту.

-Соншалық маңызды ма?

-Әрине, маңызды. Мен, Мейрамбек ағадан сұхбат алу үшін журфакқа түскенмін. Мені Алматыға жетелеген, ҚазҰУ-ға түсуге мотивация берген жандарды көру, дауысын есту ғанибет емес пе?

- Қазір кез келген адам сұхбат ала береді ғой?

- Мейрамбек Беспаев "кез келгенге" сұхбат бермейді.

-Мм. Онда дегеніңе жет. МузАрттың концертінде жолыққанша.

-Бұйырса, концертте кездесерміз.

P.S  Бұл менің ғана емес, әр жанкүйердің көңіл толқыныстары. Блокқа жатпайтын болар, бірақ мендік таңданыс осы. 

 

  writeFlash({"src":"","width":"320","height":"240"});



Бөлісу: