Мен көрдім оны (оларды)
блог
- Сенің әлеміңде күлкін, алқызыл түсті, басында мүйізі бар понилар бар шығар.
- (жәй ғана жымидым.) Жоқ, менің әлемімде шәйдай ашық аспан, көкпеңбек, мөп-мөлдір теңіз бар. Сосын, сосын ол жерде тек Мейрамбектің әндері орындалып тұрады.
-Ондай әдемі жерге, мұңлы Мейрамбектің әні келмейд-ау...
- Есің дұрыс па? Ол – Мейрамбек қой. Мұңлы дейсің бе? Неге Мейрамбек ағаның көңілді әндері де бар ғой?
- Білмеймін, мен тек «жылауық» әндерін естіппін.
- Ренжіме, жылауық әндерді басқа әнші айтады. Мейрамбек- жүректің әншісі. Тура сенің тамырыңды басып тұрып орындайды. «Түнгі аспан жасын селдетеді...» Ол ән айтқанда орныңнан тұрып кетпеу, тамсанбау, жүрегіңнің қозғалмауы мүмкін емес.
-Қойш, а? Сен-ақ қуады екенсің? Ал, МузАрт ше?
-МузАрт?! Ол мүлдем бөлек әңгіме. Мен айтсам сенбейтін шығарсың. 2008 –жылы қойған концерттерін теледидардан 20 реттен артық көріппін. 2010,2011,2014 жылғы концерттерін 15 реттен, Мейрамбек ағаның жеке концертін 10 шақты рет қарадым.
- Жалықпайсың ба?
- Жалыққаны несі? Мен әр концерттерін тік тұрып қараймын. Папам бар кезде ғана, отырып тыңдауға мәжбүрмін...
- Сендей болу қиын шығар?
- Неге? МузАрттың фанаттарының бәрі сондай. Оларды осыншалық тебіренткен – МузАртқа деген шексіз махаббат. Өйткені, МузАрттың дауысы жанды, сөзі мәнді, әр әні тұнып тұрған бір концерт. Олар сондықтан да жылына «елдер» сияқты 4-5 ән жаздырмайды.
- Бір әнді, 1 жыл тыңдау сұмдық қой?
- Біз барлық әндерін шыққан уақытынан бері тыңдап келе жатырмыз. 1жыл емес, 5 жыл емес, 1 ғасыр тыңдауға бармыз)
-Осындай фанаттары бар МузАрттықтар бақытты. Бірақ, сендерді көрмейді де, естімейді де ғой?!
-Жоооқ. Ағалар, әр әнін халық үшін, жанкүйер үшін шырқайды. Желілерде, концерттерінде әрдайым фанаттарына рақмет айтады.
-Ммм. Мейрамбекті көріпсің ғой? Арманың орындалған болар. Ендігі мақсатың ше? Бірге фотоға түсу ме?
- Иә, көрдім. Тура қол созым жерде тұұрып ән айтты. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Ендігісі, МузАрт концертінде «Есіңе алды» көрермендермен қосылып шырқағанда, залдың бір бұрышында отырып, қосылып айту.
-Соншалық маңызды ма?
-Әрине, маңызды. Мен, Мейрамбек ағадан сұхбат алу үшін журфакқа түскенмін. Мені Алматыға жетелеген, ҚазҰУ-ға түсуге мотивация берген жандарды көру, дауысын есту ғанибет емес пе?
- Қазір кез келген адам сұхбат ала береді ғой?
- Мейрамбек Беспаев "кез келгенге" сұхбат бермейді.
-Мм. Онда дегеніңе жет. МузАрттың концертінде жолыққанша.
-Бұйырса, концертте кездесерміз.
P.S Бұл менің ғана емес, әр жанкүйердің көңіл толқыныстары. Блокқа жатпайтын болар, бірақ мендік таңданыс осы.