Мен қолданатын мобильді қосымшалар (Кезексөз)

Интернетті жиі пайдаланатын адамға, әлбетте, смартфондардың көмегі зор. Алайда, виртуал әлеммен аса дос болмасаңыз, елдің бәрінде смартфон бар, менде неге жоқ деуден аулақ болыңыз. Өз басым реал өмірден көбірек қызық табуға тырысу керек деп ойлаймын. Ал смартфондардың қызығына кіріп кетсең, басқа жұмыстарың ақсап қалады.

Мен енді стандартты WatsApp, Vk.com, Instagram, mail.ru, gmail.com пошталарының қосымшаларын жиі пайдаланамын. Оған қоса:

Танымал музыка көшіретін zaycev.net сайтының қосымшасы өзіңе ұнаған әнді бірден смартфонға түсіріп алуға көмектеседі.


"Лучшие книги" қосымшасы классикалық туындыларды оқуға мүмкіндік береді.


ColorNote қосымшасын бір ақпараттарды түртіп алуға пайдаланамын.


Смартфонның негізгі будильнигі толықтай қамтылмаған. Мысалы, шырылдаған соң өшіріп қойсаң, кейін шырылдамайды. Ал AlarmDroid қосымшасы бұл олқылықтардың орнын басқан.


Бұрын қатты айнаға қарағым келіп, бірақ менің айнаға қарағанымды ешкім білмегендей болса деп армандайтынмын. Смартфонымның Зеркало, яғни Айна қосымшасы менің осы арманымды орындады. Бір жерде отырып, дереу айнаға қарағың келсе смартфоныңды шығарасың да телефоныңа үңілгендей болып айнаға қарап аласың.


Flashlight Plus - бұл керемет фонарь. Үйде жарық сөніп қалғанда қарапайым шамнан кем түспейді.


Мой календарь – бұл қыздарға арналған қосымша (қыздар түсінер)) )


Менің жолдасым блины жақсы көреді. Соған дәмді блинылар дайындап тұрайын деп «Блины: 50+ рецептов» қосымшасын түсіріп алғанмын.


Және өзім сүйіп оқитын VoxPopuli.kz сайтын кейде қарауға уақыт бола бермейді. Сондықтан оның мобильді қосымшасын қондырып, үйде асықпай көруге мүмкіндік бар.


Құдай қаласа, массагет сайтымыздың болашақта смартфондарға арналған қосымшасы шығып қалар деген үміттеміз.

Осы мобильді қосымшаларды қалай жасау керектігі жайлы аса қызықпаппын. Бірақ қазақ тіліндегі қосымшалар өте аз екені айтпаса да белгілі. Егер арамызда сондай адамдар болса, https://aspazdik.com/ сайтының мобильді қосымшасын жасап шығарса деген тағы бір арманым бар ))))

Кезексөз жалғасы Мәулен інімде.



Бөлісу: