Мен қолданатын қосымшалар ЖАҢА ЭСТАФЕТА

Қазіргі заманда смартфонсыз өмір бар ма? Әрқайсымызда бір-бір айфон не галаксидан бар. «Понты»-ды былай қойып, шын айтайықшы, бұл гаджеттерсіз бізге өмір жоқ. Өмірімізді әлдеқайда жеңілдеткен мобильді қосымшалар (приложение) көптігі дайын емес адамды қорқытуы мүмкін. Плэймаркетте  «Популярные бесплатно» деген мәзірге кіріп, ұнағанын жүктей береміз. Бірақ олардың сізге қажет пе, жоқ па екінші орында қалады.

Бүгін мен сіздерге мен қолданатын қосымшалар жайлы айтқым келеді. Бұл жақсы дәстүр болып, эстафетаға айналса ғой деймін)

Әрине ең бірінші тізімім ол қоғамдық желілердің мобильді қосымшалары:

WatsApp - күнделікті қолданатын, смс-ке кететін талай ақшаны үнемдеген қосымша. Сурет бөлісу жағынан да ыңғайлы. Конференция жасап қыздармен қуатынымыз да бар.

instagram - елдің не жеп, қайда отырғаны қызық қой) Жалпы достарынның өмірінен хабардар болған дұрыс, инстаграмм осы жолда үлкен көмекші.


вконтакте - достарымның бәрі отыратын қоғамдық желі. Қазірде кезіндегі группаластарымызбен әр қаладамыз, сондықтан вк-да жабық топ жасап, сонда қалжындасып, суреттер лақтырып отырамыз.

м-агентті телефонда қолданбаймын. Бір қосылса өшпейтін бәле өзі, мына сурет менің агентке деген көзқарасымды толықтай түсіндіреді.


Жалпы өмірді жеңілдететін, ойын-сауық қосымшаларым:

SHAZAM. Радиодан бір керемет ән естіп, оның кім айтып, қандай ән екендігін білмейтін кездерім күнде болады. Ал мына қосымша сол таныс емес өлеңдерді естіп, әншінің, әннің атын тауып береді. Пайдалы.

Колеса. Арасында кіріп, көліктер нарығын ақтарып шығамын, бағаларды салыстырамын. Білмеймін бір ермек маған бұл.

Homebank. Өз карточканмен түрлі төлемдер жасап, қанша ақшам қалғанын қадағалауға көмектеседі.

Cписок покупок. Өзіме жақында ашқан пайдалы қосымша. Азық-түлік сатып алуға барарда тізім құрып, әр тауардың данасын, бағасын көрсетуге болады. Менің ойымша, шығындарды үнемдеуге пайдалы.

Fast racing. Менің ойнайтын жалғыз ойыншығым, көліктер жарысы. Өте оңай, тез жүктеледі.

Ал сіз қандай қосымшалар қолданасыз? (қайталанбауға тырысайық)

Эстафета Анарда!



Бөлісу: