Мен қолданатын қосымшалар (эстафета жалғасы...)

Мен қолданатын қосымшалар (эстафета жалғасы...)
жеке
блог

Ешкімнен сұрамасам да, намектамасам да, күтпеген жерден Абзал бауырым таяқшасын ұсыныпты. Рақымет. Жерге тастамай жалғастырып жіберейін.

Телепоным керемет қымбат, хламур телепон емес, біздерге болады. Арғы тегі француздық, бірақ қытайды біротала тұрақтаған Алкател деген модель. Міні мынау:

   

Абекең құсап өрнектемей, елдер құсап өлеңдемей, сәндемей барды бардай қылып жаза берейін. Соынмен:


Әлеуметтік желілер


1. Уацап. Жұрттың бәрі осыған көшіп кетіпті қазір. Смартфонға ие болғалы менде көшіп алдым осы жаққа. Таныстыруды қажет етпейді бұл қосымша.

2. Вичат. Вичатты қазір көп адам біле бермейді, менің өзімде 3-4-ақ адам бар қазір списікте. Бірақ әлемде ең көп тараған мессенджердің бірі. Негізгі отаны қытай. Бізді де жаулайды алдағы жылдарда. Мүмкін айларда. Қатты дамып жатырқ қой. Ең басты плюсі, видео-чат жасауға болады. Уацаптан басты айырмашылығы. Және рация ретінде қолдануға болады. Интернет-рация былайша айтқанда. Смайликтері де қызықты. Әлемнің басқа түкпірінде тұрған досыңмен сулифа ойнасаң да болады)

3. Вибер или бибер. Мүмкін Вайбер, блмим кароч. Өзім көп қолданбаймын. 

4. Агент. Атың өшкір, көп қарғыс ап, шыныменде өшіп келе жатқан сияқты. Кейде зеріккенде кім отыр деп қарап қоям.

5. ВК. Күнде кірем. Ұйықтар алдында да. 

6. Твиттер. Қазақшасы Түиттер. Немесе Түү иттер. Бұғанда көп кірем. Керемет салғыласпайм ешкіммен, тек оқып шығам. Ес че қосылыңдар)

7. Мой мир. Мұныңда дәурені өтіп кетті ғой. Өшіріп тастайын десем керек боп қалатын сияқты да тұрад)

8. Инстаграмм. Килограмымды өлшеп айна алдына суретке түсетін қыз емеспін, тіпті суретімде жоқ, бірақ белді-беделді, атақты, спортшылардың суреттерін қарап тұрам. Баварияның ғой сол баяғы))

9. Ютюб. Іш пысқанда кіріп қараймын. Бұған да бір кірсең шығуың қиын

Скайп, Фэйзбук дегендерді көп қолдана бермеймін, керек кезде кіріп қоям. Қалғандары айтпаса да түсінікті шығар.

 

Ойындар

1. Прямо по Толе би (Хилл Климб Расиң). Жақсы ойын. Іш пысқанда, зеріккенде, әжетханада... Біраз уровеньдерін ашыптастадым уже

2. Ашулы құстар (Әңгри бөрдс). Айтпасада түсінікті.

3. Морской бой. Блютузбен, Вай-Файмен ойнасаң болад. Жұмыста бір қызбен ойнаймыз кейде. Үйде племяниктерім ойнайд бір-бірімен.

4. Орыс рулеткасы. Рашн рулет. Бұлда бір ермек. Спорласқанда жақсы досыңмен

5. Реальный футбол 2013. Бұл бәлемен ойнау үшін интернет керек. Өзім ойнамаймын. 2012сі жақсы еді, интернетті қажет етпейді. Ана қалған екеуінде ойнамайм, басында жазып қойғам, тұр содан бері. Қызығын кешке үйге барғанда екі племянигім көреді әйтеуір.

 

Оқуға, білім жетілдіруге, баптауға, бірде болмаса бірде керек боп қалатын басқа да қосымшалар


1. Clean Master. Смартфон деген кішігірім компьютер. Сол компьютер өзінің жұмысында жжадта керек емес қоқыстарды қалдырып кетеді. Сол қоқысты тазартып, телефонның дұрыс жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. 

2. Ускоритель. Жедел жадтағы тұрған артық процестерді саусақтың бір жанасуынан-ақ өлтіреді. АйТишник ретінде осы екі қосымшаны қондырып алуларыңа КЕҢЕС БЕРЕМІН! Сосын жиі-жиі смартфондарыңды рестарт жасап тұруды да ұмытпаңдар.

3. Total Commander. Компьютерден білетін шығарсыңдар, бұл программаның не үшін керек екенін. Өзім көп қолданбаймын. Бірақ ара тұра керек боп қалады.

4. СпидТест интернеттің жылдамдығын тексеруге арналған.

5. 2013 бест риңгтөнс. Өздерің білетіндей, стандартты настройкамен андроид смартфонының қоңырау үнін өзгерте алмаймыз. Мына программа сол олқылықтың орнын толтыратын программа. Жалып интернетте, смартфонның өзімен, өз қалауыңша кесім, әрлеп, звонокқа қойып беретін программалар бар, бірақ мынаның жұмысы оңай. Дайын списіктің ішінен ұнағанын таңдап қоя саласың.

6. ЦПУ-Зэт. Бұл смартфонның процессоры, жады, сенсорлары туралы ақпарат алуға арналған қосымша.

7. TeamViewer, WiFi Mouse, WIN-Remote - деген программалар, смартфонның көмегімен компьютерді басқаруға арналған. Мысалға ТимВьюермен көшеде жүріп уйдегі немесе жұмыстағы компымды басқарсам, Вай-Фай маус - диванда жатып, HDMI арқылы телебізірге жалғанған ноутбугімді басқаруға мүмкіндік береді. Телепонның экраны, ноутбуктің тачпадына айналады былайша айтқанда.

8. ПИТ-СТОП.кз, айДрайв.кз Жүргізушілерге керек қосымша. Бірақ Құдай керек қылмасын әрине. Мұнда жол ережелері, заңгер кеңесі, керекті телефон нөмірлер деген сияқты ақпарат бар.

9. Пойнт+. Банктер, банкоматтар, гос.учереждениялар адресін табасын. Банкомат іздегенде таптырмайтын құрал.

10. Колеса.кз. Еліміздегі ең үлкен порталдың андроид нұсқасы.

11. Кино.кз. Қайда қандай кино болып жатыр деген сұраққа жауап тауып береді

12. Моя машина, Кар мэнэджер, Расход топлива. Автокөліктің шығындарын, қызмет көрсету интервалын жазатын, есептейтін қосымша.

Қалғандары өздерің көріп тұрғандай оқитын, аударатын қосымшалар, шынымды айтсам құры тұр. Бәрін қарауға әлеуметтік желіні қараудан уақыт артылмай қалады. 

 

 КАРТА

1. 2ГИС. Алматы картасы. Керек ғимараттарды оңай тауып, қалай бару маршрутын біле аласың.

2. Яндекс Картасы. Асытнда Алматы деп тұрған қосымша екеуі пашти бір. Пробка қарауға қолданам.

3. Осындағылардың көбі қолданып, әлемді виртуалда саяхаттайтын программаларың Планета земля. Жанындағысы сол гуглдың картасы. Мұнда да пробкаларды қарап, алдын-ала қай маршрутпен жүру керектігін миға түртіп алатын қосымша

Плэй маркетте, смартфоныңды нағыз GPS-қа айналдыратын программалар бар. Бірақ бәрі ақша тұрад атаннәлеттердің.

 

СПОРТ

Футбол жанкүйері үшін бұларсыз болама?! Қазіргі трансферлік базардың қызған шағында, чемпионаттар басталар алдында свежий жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып білуімді қамтамасыз ететін қосымшалар осылар. Комптан, теликтен жырақта жүргенде матчты онлайн коретін SopCast-ым да бар.

Уошым осы, менің күнделікті жиі қолданатын қосымшаларым. Обзорыма симай қалған қосымшаларды мына жерден көріп аларсыңдар. Абзал бауырым айтып еді, мен сияқты +18 қосымшаларды қолданбайтыныңды дәлелде деп. Соған "дәлел" ретінде салып отырмын)

 

 

Келесі кезекті, біздің жайфондарды жақтырмайтын айфонның иесі Арекеңе берейін.

 

Қосымша:

Смартфонымдағы 1-2 фишканы ұмытып кетіппін. Ақыры обзор сияқты болған соң қоса салайын. 

AVG AntiVirus PRO. Компьютерлер арасында үлкен жетістікке жетіп, танымал бола қоймаса да, бұл антивирус Андроид платформасындағы үздіктердің бірі. ПРО лицензиясы әдетте ақша тұрады ПлэйМаркетте, бірақ телефон өндірушілері ОЖ құрамына қосқан екен. Мені қуантқаны "Ұрланғаннан қорғау" функциясы. АВГның офф сайтына тіркеліп, телефоныңыз жоғалған жағдайда инструкция бойынша әрекет етесіз. Сол кезде ЖПС датчик қосылу, тревога, бұғатталыу немесе белгілі бір нөмірге сигнал жіберілу деген сияқты функциялары іске қосылады. Осылайша жоғалған телефоныңыздың табылу ықтималдылығы 1 пайыздан 5 пайызға дейін көтеріледі ☺

2. SwiftKey. Андроидқа арналған ең ыңғайлы пернетақта ретінде мойындалған. Мұнда өздерің көріп тұрғандай, ешқандай қосымша орнатусыз ақ қазақ әріптерін тере бересіз. Қосымша белгілерді де басқа символдарға ауыспай бір жерден тере беруге болады. Мұның да лицензиясы әдетте ақша тұрады, бірақ өндірушілер тұтынушыларын қуантқанды жақсы көретін сыңайлы. Негізі басқа да көптеген фишкалары бар, басқа телефон өндірушілері сияқты, бірақ негізгі осы екеуіне тоқталып кеткенді жөн көрдім.