Мен қолданатын қосымшалар (эстафета жалғасы...)
блог
Ар ма ардақты ағайын? Ассалаумағалейкум!
Аман ба бір-бірін «ағалап-әпкелеп», «жерлес» деп, «сырлас деп» сыйлаған; мұңын шаққанды жүрегімен қабылдап, шын мұңайып, шын күле алатын; барды асырып, жоқты жасыра алатын; пернетақтасын тақымындай, ақынын жақынындай көретін мерейлі менің Массагеттік бауырларым?!
Ұрыспаңыздаршы, жүрмін осы жерде, осы бір жерлерде жүрмін... Жазбай кетті демеңіз, комментті жазуындай жазып жүрміз (деп ұялып қалғансың ғой :)), ал енді, блогпен сәлемдесіп, қал-жағдай сұрасқанға мынау «Уақыт» атты Ұлы әміршінің бұйрығы бұйырмай жүр. Тек сөкпеңіздерші...
Осы ауылдың «просто красавица» қызы (көзі өзіме тартқаннан кейін) Сәнияның «әу»-імен әп-әдемі бастау алған кезексөз бұтағы менің де қолыма тиіп қапты. Негізі басында өзім сұранып, бір-екі рет «намекать» та етіп ем, содан бұйырған-ау шамасы, мына жерде қанжығама майланып байланыпты, ұстатыпты, ұсынылыпты. Жарайды, кеттік!
Әңгіме былай!
Жиырма бірінші ғасырдың айы оңынан туа сала, ығыры мен зығырына ілесе келген информациялық аласапыран дауылдың қырғын интеграциясына ұшырап, біріміз қарапайым-«Android» біріміз элита-«Apple» атты қауымға бөлініп жатқан заманда, жапа-тармағай жарысып, күйбеңнің күйіп кеткен күнін кешіп жатқан жайымыз бар.
Спираль тәріздес сымы бар стационар телефон атам: «Жеті атасының маркасын білмеген жетесіз»,- демекші, өзіміз сол Android тайпасынанбыз, тарихи Отанымыз: Google Earth-тің Күншығыс беткейін мекендеген «LG» руынан боламыз. Оның ішінде «Optimus» бабаның «L5 II Dual» атты үлкен атадан тарағанбыз. Рулас туған-туысқандарымыз өтке көп енді...
Арғы атамыз теледидар, шаңсорғыш, түрлі тұрмыстық техниканың негізін қалаушы өкілдері боп табылады. Шежіреміз егжей-тегжейлі мына жерде.
Nokia-мен қыз алыспаймыз, Samsung-пен чехол ұстасқан құдамыз. Ес білгелі ата-жауымыз Iphone. Қалғандары достарымыз.
Ғаламның бар қызығы немесе PlayMarket-тің соңғы бренд әрі заманауи бағдарламаларымен тыныс алып, "бірліктерді" көздің қарашығындай сақтап, оператордан мегабайттың «шексіздігін» тілеп жүрген күнделікті тіршілігіммен ашық күйде таныстырып өтсем (ең үздік 5 (бесТІК):
Сонымен,
1. (байланыс, қарым-қатынас үшін) WhatsApp Messenger бағдарламасы...
Қолданыстағы, сұраныстағы #1ші мобильді қосымша десем, ваще қателеспеген болармын. Түсіндіріп жатудың қажеті шамалы шығар, білгендеріңіз білесіздер, білмегендеріңіз білетіндерден сұрастырып алыңыздар :) Не құдіреті бар екенін білмедім бірақ қызық...
Бірінші орынға осы бағдарламаны қойғанды жөн көрдім.
2. (қызық үшін) Сamera 360 Ultimate бағдарламасы...
Түсірген суреттеріңізді түрлендіруге тегін мүмкіндік беретін қосымшалары да бар. Жаңарған сайын сапасы да тиісінше жақсы жағына қарай құлпырып келеді. Әліптің артын бағайық...
Aviary да қалыспайды. Суреттерді әрлеп in100gram-ға сап қоюға болады. Соңынан суреттерді Dropbox бағдарламасына автоматты түрде сақтап қоюға болатындай етсеңіз, өміріңіз жеңілдей түспек.
Мынадай нәтижелерге кенелуге болады:
1-ші нәтиже
2-ші нәтиже
солай да солай опшым...
Бұл қосымша екінші орынға тұрақтады.
3. (ойын үшін) Ашулы құстар ойыны...
Енді бұл ойын да миллиондар мен миллиардтардың ермек еткен ойыны десем және қателеспейтін шығармын (идеал қатесіз айтатын боп барам чо та :)). Өздері сондай ашулы. "Ашу дұшпан кейде дос, ашуыңа ашу қос",-деп ақиық, данышпан Моторола ақын бекар айтпаса керек...
Маңыздылығы сол: олар ашуланғанда менің ашуым басылады)) Жақсы ойын, мұның да жаңарып, жаңарған сайын қызығы жұтаңдап, сауығы жұқарып бара жатқан сияқты ма, солай...
Кейде Golf 3D, нарды, танкі-танкі, Тентек маймыл, мәшне, матасекіл айдаймын, басқатырғыштар, миқатырғыштар ойнайтыным да бар. Миллионнан да дәмеміз бар
Үшінші орынға әбден лайықты қосымша.
4. (сауат ашу) Lingualeo бағдарламасы...
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте". Бұны да біздің аталарымыз айтқан нақты Т.А.Ә. есіме түспей тұрғаны... Мобильді қосымшалардың түр-түрі шығып, секунд сайын жаңарып жатқан мынау электронды әлемде, сауатты әрі бәсекеге қабілетті телефон боп қоғамға орнығу ол біздің "техники" міндетіміз. Сондықтан, тіл үйреніп жаттығу біздің кемелді келешегіміздің жарқын кепілі. Сауат ашайық достар.
Мұқтардың "Абайын", Мағжанды, Мұқағалиды, Махаббат қыззееқ мол жылдарды оқимын.
Төртінші орынға балпаң басып осынау қосымша жайғасты.
5. (қолданысқа ең көп ие) Facebook бағдарламасы...
Бірдеңе айтып жеткізу қиын, бірақ мен де осы бағдарламаның, дәлірек әлеуметтік желінің ерікті тұтқынымын. Чатта "шаттанып" отқаныңда, кейде, Әлем жайында қалып кететіні бар.
Атың өшсін, сені бесінші орынға қойдым!
Міне, осындай. Телефонымның жадына жайғасқан барлық бағдарламалар тізімі мына жерде.
Сау-cәләмәтта болыңыздар. Рақмет!
Бәрі жақсы болады!
Эстафета таяғын ТАУ ҰЛЫ (Горец) бауырыма ұсынамын!
айтпақшы:
Суреттер: Гуглды шарлап жүріп зор еңбекпен табылды,
дереккөз сілтемесін бермеймін деп шештім. Дереккөзін шұқып ала ма деген үреймен...